https://sputnik.kz/20240801/500-myn-balaga-qarzhylay-komek-korsetiledi---ministrlik-46020961.html
500 мың балаға қаржылай көмек көрсетіледі - министрлік
500 мың балаға қаржылай көмек көрсетіледі - министрлік
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Биыл жаңа оқу жылына дейін жарты миллион астам балаға қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі балалардың... 01.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-01T12:53+0500
2024-08-01T12:53+0500
2024-08-01T12:53+0500
оқу жылы
балалар
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948633_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_76cd5c7a838bc868c646b75e97de5f64.jpg
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Биыл жаңа оқу жылына дейін жарты миллион астам балаға қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жалпыға міндетті білім қоры есебінен жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек беріледі. Олардың ішінде жетімдер, көпбалалы және табысы отбасылардан шыққан балалар бар. Биыл әкімдіктер мектепке 500 мыңнан астам баланы даярлауға тиісті қаражат бөлді.Оның айтуынша, жалпыға міндетті білім беру қорының қаражатын біркелкі бөлу мәселесі шешілді. Енді әрбір білім алушыға қаржылық қолдаудың ең төменгі мөлшері белгіленді, ол ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмауға тиіс. Биыл бұл көрсеткіш 43 407 теңгені құрайды, яғни материалдық көмектің мөлшері осы сомадан төмен болмауы керек."Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың карт-шоттарына ақша қаражатын аудару бөлігінде көмек көрсету тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдады. Бұл ата-аналар мен балаларға киім-кешек, мектеп керек-жарақтарын жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді, осылайша сапасыз тауарларды алуға жол берілмейді", – деп атап көрсетті комитет басшысы.Ата-аналар қажетті тауарларды сатып алғаннан кейін оны растайтын құжатты ұсынулары керек. Материалдық көмекті алу үшін әр ата-ана мектеп директорының атына өтініш жазады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948633_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_801f2bb0c11c5a46556c3dca863651be.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқу жылы, балалар
500 мың балаға қаржылай көмек көрсетіледі - министрлік
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Биыл жаңа оқу жылына дейін жарты миллион астам балаға қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Жалпыға міндетті білім қоры есебінен жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек беріледі. Олардың ішінде жетімдер, көпбалалы және табысы отбасылардан шыққан балалар бар. Биыл әкімдіктер мектепке 500 мыңнан астам баланы даярлауға тиісті қаражат бөлді.
"Бүгінгі таңда ата-аналардың шоттарына 3,4 млрд теңгеден астам қаражат аударылды, 78 мыңға жуық бала қамтылды. Бұл процесс жалғасуда. Осыған байланысты, жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп тауарларының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өңір әкімдіктерінен, "Атамекен" ҰКП-дан мектеп жинақтарын, мектеп формаларын және тағы басқа қажетті заттардысату бойынша жәрмеңкелер, соның ішінде көшпелі жәрмеңкелер ұйымдастыруды сұраймыз", - деді Оспанова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, жалпыға міндетті білім беру қорының қаражатын біркелкі бөлу мәселесі шешілді. Енді әрбір білім алушыға қаржылық қолдаудың ең төменгі мөлшері белгіленді, ол ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмауға тиіс. Биыл бұл көрсеткіш 43 407 теңгені құрайды, яғни материалдық көмектің мөлшері осы сомадан төмен болмауы керек.
"Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың карт-шоттарына ақша қаражатын аудару бөлігінде көмек көрсету тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдады. Бұл ата-аналар мен балаларға киім-кешек, мектеп керек-жарақтарын жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді, осылайша сапасыз тауарларды алуға жол берілмейді", – деп атап көрсетті комитет басшысы.
Ата-аналар қажетті тауарларды сатып алғаннан кейін оны растайтын құжатты ұсынулары керек. Материалдық көмекті алу үшін әр ата-ана мектеп директорының атына өтініш жазады.