Қазақстан мүддесін қорғау бойынша шетелдік сотта қанша іс қаралып жатыр
© Photo : Daniel BoneСуд, правосудие. Архивное фото
© Photo : Daniel Bone
Жазылу
Мемлекет мүддесін қорғау бойынша 20 іс жүргізу жұмысы жалғасуда
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Әділет министрлігі жартыжылдық қорытындысын шығарды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Министрлік мемлекет мүддесін қорғау бойынша 20 іс жүргізіп жатыр. Оның ішінде 13-і халықаралық төрелікте, 4-еуі шетелдік соттарда және 3-і сотқа дейінгі талқылаулар сатысында.
Ведомство азаматтық істер бойынша құқықтық көмек туралы 11 мемлекетаралық келісім (Сауд Арабиясы, Бразилия, Аргентина, Марокко, Корея, Сингапур, Малайзия, Украина, Хорватия, Оңтүстік Африка және Конго), екі Гаага конвенциясын (сот таңдау туралы келісімдер және өсиетнамалық өкімдердің нысанына қатысты заңдар қақтығысы туралы), үш хаттама (Түркиямен, Минск конвенциясы, Кишинев конвенциясы), сонымен қатар тоғыз ведомствоаралық халықаралық келісім (Жапония, Катар, Марокко, Сауд Арабиясы, БАӘ, РФ, Финляндия, Польша және Түркия әділет министрліктерімен ынтымақтастық туралы меморандумдар) жасасу бойынша жұмыс істеп жатыр.
Жақында қазақстандық тарап көп жылдық сот дауларынан кейін Статилармен бітімгершілік келісімге қол қойды.