Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин арнайы әскери операцияға қатысатындарға төлемақы беру туралы жарлыққа қол қойды

© Photo : Минобороны РФЗенитчики группировки войск "Центр" отразили атаку беспилотников ВСУ на российские позиции
Зенитчики группировки войск Центр отразили атаку беспилотников ВСУ на российские позиции 
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 31 шілде - Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин 1 тамыздан 31 желтоқсанға дейін арнайы әскери операцияға қатысуға келісімшарт жасасқан әскери қызметкерлерге 400 мың рубль мөлшерінде біржолғы төлем төлеу туралы жарлыққа қол қойды. Тиісті құжат құқықтық актілердің ресми жарияланымы сайтында шықты, деп хабарлайды Риа Новости.
"400 мың рубль мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем белгіленсін", - делінген жарлық мәтінінде.
Төлем Қарулы күштерге жұмылдыру бойынша әскери қызметке шақырылған ресейліктерге, мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде Қарулы күштерде қызмет еткен сарбаздарға (Қорғаныс министрлігінің әскери кәсіптік білім беру ұйымдары курсанттарының әскери лауазымдарын алмастыратын әскери қызметшілерден басқаларына) төленеді.
Жаңалықтар
0