https://sputnik.kz/20240730/ukimette-taszholdagy-mobildi-baylanys-maselesi-koterildi-45970817.html
Үкіметте тасжолдағы мобильді байланыс мәселесі көтерілді
Үкіметте тасжолдағы мобильді байланыс мәселесі көтерілді
Sputnik Қазақстан
Бектеновтің айтуынша, жол апаты кезінде зардап шеккендер шұғыл көмек қызметтерін шақырта алмайды 30.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-30T14:16+0500
2024-07-30T14:16+0500
2024-07-30T14:28+0500
тас жол
ұялы байланыс
байланыс
https://sputnik.kz/img/440/55/4405545_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_512f56384a390d33e6fa1600b1dd09bb.jpg
АСТАНА, 30 шілде - Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов тасжолдарда ұялы байланысты реттеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Үкіметтің бүгінгі отырысында Бектенов қала сыртындағы жолдарда мобильді байланыстың сапасын сынға алды.Оның айтуынша, жолдарда қауіпсіздікті бақылау үшін бейнекамералар мен басқа да техникалық құралдар жетіспейді. Ал кей жерлерде мүлдем жұмыс істемейді. Сол себепті жол қауіпсіздігіне қатысты жағдай халықтың орынды наразылығын тудырады. Тек биылғы жылдың басынан бері халық тарапынан жол қозғалысына қатысты 50 мыңнан астам шағым келіп түскен."Өңір әкімдіктері елді мекендердегі құқық бұзушылықты тіркейтін камералар санын көбейтуі қажет. Республикалық маңызы бар автожолдарда аппараттық-бағдарламалық кешендерді белсенді түрде пайдалану керек", — деп атап көрсетті премьер-министр.Айта кетері, бүгінгі отырыста көлік министрі Марат Қарабаев тасжолдарда орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұлдар қай кезде енгізілетінін айтты.
https://sputnik.kz/20240730/ortasha-zhyldamdyqty-asyrgandarga-ayyppul-qashan-salynady--ministr-naqty-uaqytyn-aytty-45962533.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/440/55/4405545_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_fe18e064bf9eb935f2d3d8fe55246177.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тас жол, ұялы байланыс, байланыс
тас жол, ұялы байланыс, байланыс
Үкіметте тасжолдағы мобильді байланыс мәселесі көтерілді
14:16 30.07.2024 (жаңартылды: 14:28 30.07.2024) Бектеновтің айтуынша, жол апаты кезінде зардап шеккендер шұғыл көмек қызметтерін шақырта алмайды
АСТАНА, 30 шілде - Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов тасжолдарда ұялы байланысты реттеуді тапсырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысында Бектенов қала сыртындағы жолдарда мобильді байланыстың сапасын сынға алды.
"Атап айтқанда, "Қарағанды – Алматы" автожолында үш облыстың аумағы бойынша жалпы 500 шақырым учаскеде мобильді байланыс жоқ. Жол апаты кезінде зардап шеккендер шұғыл көмек қызметтерін шақырта алмайды. Осыған байланысты цифрлық даму министрлігі қала сыртындағы автожолдарды мобильді байланыспен қамту қарқынын жеделдету қажет", - деді Бектенов.
Оның айтуынша, жолдарда қауіпсіздікті бақылау үшін бейнекамералар мен басқа да техникалық құралдар жетіспейді. Ал кей жерлерде мүлдем жұмыс істемейді. Сол себепті жол қауіпсіздігіне қатысты жағдай халықтың орынды наразылығын тудырады. Тек биылғы жылдың басынан бері халық тарапынан жол қозғалысына қатысты 50 мыңнан астам шағым келіп түскен.
"Өңір әкімдіктері елді мекендердегі құқық бұзушылықты тіркейтін камералар санын көбейтуі қажет. Республикалық маңызы бар автожолдарда аппараттық-бағдарламалық кешендерді белсенді түрде пайдалану керек", — деп атап көрсетті премьер-министр.
Айта кетері, бүгінгі отырыста көлік министрі Марат Қарабаев тасжолдарда орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұлдар қай кезде енгізілетінін айтты.