https://sputnik.kz/20240730/reseydin-aqsh-tagy-elshisi-ukrainaga-zhana-komektin-bolinuin-synga-aldy-45961996.html
Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Украинаға жаңа көмектің бөлінуін сынға алды
Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Украинаға жаңа көмектің бөлінуін сынға алды
Sputnik Қазақстан
Украинаға көмек көрсетуді жалғастыра отырып, АҚШ қақтығысты ұзартуда, бұл құрбандар санының артуына әкеліп соқтырады, деп мәлімдеді дипломат 30.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-30T11:33+0500
2024-07-30T11:33+0500
2024-07-30T11:33+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
ақш
көмек
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29625837_0:67:3075:1796_1920x0_80_0_0_0b68a99a3213f968a339210ce42824d4.jpg
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. АҚШ Украинаға қосымша көмек көрсетудің орнына ішкі әлеуметтік-экономикалық проблемалар мен елдің өсіп келе жатқан мемлекеттік қарызын шешуге назар аударуы керек. Бұл туралы Ресейдің Вашингтондағы елшісі Анатолий Антонов мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.Антонов егер бұл қаражат АҚШ-тың әртүрлі әлеуметтік-экономикалық проблемаларымен күресуге бағытталған болса, қандай пайда әкелетінін елестетуге болады деп пікір білдірді.Украинаға көмек көрсетуді жалғастыра отырып, АҚШ қақтығысты ұзартуда, бұл құрбандар санының артуына әкеліп соқтырады, деп мәлімдеді дипломат.Дүйсенбі күні Пентагон АҚШ-тың Украинаны қолдау қорынан Киевке 1,5 миллиард доллар әскери көмек беретінін хабарлады. Бұған қоса, Киев президенттік өкілеттік аясында тағы 200 миллион долларға қару алады. Пентагон мәліметтері бойынша, Джо Байденнің президенттігі кезінде АҚШ-тың Украинаға әскери қолдауының жалпы көлемі 56,1 миллиард доллардан асады.
https://sputnik.kz/20240722/kreml-batystyn-ukrainaga-komegine-qatysty-pikir-bildirdi-45816339.html
украина
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29625837_68:0:2799:2048_1920x0_80_0_0_5b364d7aff180e96688ff2cd3454b44f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, ақш, көмек
Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Украинаға жаңа көмектің бөлінуін сынға алды
Украинаға көмек көрсетуді жалғастыра отырып, АҚШ қақтығысты ұзартуда, бұл құрбандар санының артуына әкеліп соқтырады, деп мәлімдеді дипломат
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. АҚШ Украинаға қосымша көмек көрсетудің орнына ішкі әлеуметтік-экономикалық проблемалар мен елдің өсіп келе жатқан мемлекеттік қарызын шешуге назар аударуы керек. Бұл туралы Ресейдің Вашингтондағы елшісі Анатолий Антонов мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"Вашингтон Украинадағы қақтығысқа көп көлемде қаражат жұмсауды жалғастыруда. Ол мұны америкалық ұлттық қарыздың рекордтық деңгейі жағдайында жасап жатыр. Бүгін жарияланғандай, алғаш рет бұл 35 триллион доллардан асты", - деді Антонов журналистерге.
Антонов егер бұл қаражат АҚШ-тың әртүрлі әлеуметтік-экономикалық проблемаларымен күресуге бағытталған болса, қандай пайда әкелетінін елестетуге болады деп пікір білдірді.
Украинаға көмек көрсетуді жалғастыра отырып, АҚШ қақтығысты ұзартуда, бұл құрбандар санының артуына әкеліп соқтырады, деп мәлімдеді дипломат.
Дүйсенбі күні Пентагон АҚШ-тың Украинаны қолдау қорынан Киевке 1,5 миллиард доллар әскери көмек беретінін хабарлады. Бұған қоса, Киев президенттік өкілеттік аясында тағы 200 миллион долларға қару алады. Пентагон мәліметтері бойынша, Джо Байденнің президенттігі кезінде АҚШ-тың Украинаға әскери қолдауының жалпы көлемі 56,1 миллиард доллардан асады.