Олимпиада-2024: боксшы Нұрбек Оралбай ширек финалға өтті

© Национальный олимпийский комитет КазахстанаКазахстансий боксер Нурбек Оралбай на Олимпиаде в Париже 2024
Казахстансий боксер Нурбек Оралбай на Олимпиаде в Париже 2024 - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.
80 келі салмақта сынға түскен спортшы австралиялық Каллум Питерспен жұдырықтасты.
Алғашқы раундта Нұрбек 5:0 есебімен алға шыққан. Екінші раундта Каллум дәл солай қарқынды жұдырықтасып, Нұрбекті нокдаунға жіберіп үлгерді.
Матчтың жеңімпазы үшінші раундта шешілді. Төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Нұрбекке беріп, қазақстандық боксшы өте қиын кездесуде ширек финалға өтті.
Жаңалықтар
0