https://sputnik.kz/20240730/eaeo-elderinin-azamattary-zeynetaqy-tagayyndau-men-toleude-ten-quqyqtarga-ie--eek-45959670.html
ЕАЭО елдерінің азаматтары зейнетақы тағайындау мен төлеуде тең құқықтарға ие – ЕЭК
ЕАЭО елдерінің азаматтары зейнетақы тағайындау мен төлеуде тең құқықтарға ие – ЕЭК
Sputnik Қазақстан
Мұндай жүйе кезінде адам зейнетақыны емес, зейнетақы адамды "іздейді" 30.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-30T12:56+0500
2024-07-30T12:56+0500
2024-07-30T12:56+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/377/17/3771748_0:700:4000:2950_1920x0_80_0_0_cf8034b8d86bb90123e9f5cae51616a1.jpg
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Одақтағы жалпы еңбек нарығында қол жеткізілген ырықтандырудың айтарлықтай дәрежесіне байланысты ЕАЭО-ның барлық елінің азаматтарына зейнетақы тағайындау мен төлеуде тең құқықтар қамтамасыз етілген, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі.Еуразиялық экономикалық комиссияның Еңбек көші-қоны және халықты әлеуметтік қорғау департаменті директорының орынбасары Олег Артамоновтың айтуынша, мұндай жүйе кезінде адам зейнетақыны емес, зейнетақы адамды "іздейді"."Бірнеше елде жұмыс істейтін адам зейнетақыны есептеген кезде ол сол мемлекетте тұр ма, жоқ па, кез-келген мемлекеттің біріне жүгіне алады. Ол азаматтығы бар мемлекетте немесе жұмыс істейтін мемлекетте болуы мүмкін. Өтінішті қабылдаған мемлекет рәсімді өзі жүзеге асырады және ол қандай да бір зейнетақы өтілі немесе зейнетақы алуы мүмкін барлық мемлекетке сауал жолдайды. Сонда мұның бәрі бір бүтінге жинақталып, ол сол азамат тұрған аймаққа келеді", - деп келтіреді баспасөз қызметі Артамоновтың сөзін.ЕАЭО құрамына Ресей, Беларусь, Қазақстан, Армения және Қырғызстан кіреді.
https://sputnik.kz/20240729/astanada-eaeo-kedendik-maseleleri-talqylandy-45948167.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/377/17/3771748_0:325:4000:3325_1920x0_80_0_0_42ada4299368145fd1d61760b3f2e45a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО елдерінің азаматтары зейнетақы тағайындау мен төлеуде тең құқықтарға ие – ЕЭК
Мұндай жүйе кезінде адам зейнетақыны емес, зейнетақы адамды "іздейді"
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Одақтағы жалпы еңбек нарығында қол жеткізілген ырықтандырудың айтарлықтай дәрежесіне байланысты ЕАЭО-ның барлық елінің азаматтарына зейнетақы тағайындау мен төлеуде тең құқықтар қамтамасыз етілген, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі.
"ЕАЭО-ның ортақ еңбек нарығында ырықтандырудың айтарлықтай деңгейіне қол жеткізілді. Бұл – Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартпен кепілдік берілген "төрт бостандықтың" бірі. Мысалы, ЕАЭО-ның барлық елінің азаматтары зейнетақы тағайындау және төлеу кезінде тең құқықтармен қамтамасыз етілген", - делінген ЕЭК Telegram арнасында жарияланған хабарламада.
Еуразиялық экономикалық комиссияның Еңбек көші-қоны және халықты әлеуметтік қорғау департаменті директорының орынбасары Олег Артамоновтың айтуынша, мұндай жүйе кезінде адам зейнетақыны емес, зейнетақы адамды "іздейді".
"Бірнеше елде жұмыс істейтін адам зейнетақыны есептеген кезде ол сол мемлекетте тұр ма, жоқ па, кез-келген мемлекеттің біріне жүгіне алады. Ол азаматтығы бар мемлекетте немесе жұмыс істейтін мемлекетте болуы мүмкін. Өтінішті қабылдаған мемлекет рәсімді өзі жүзеге асырады және ол қандай да бір зейнетақы өтілі немесе зейнетақы алуы мүмкін барлық мемлекетке сауал жолдайды. Сонда мұның бәрі бір бүтінге жинақталып, ол сол азамат тұрған аймаққа келеді", - деп келтіреді баспасөз қызметі Артамоновтың сөзін.
ЕАЭО құрамына Ресей, Беларусь, Қазақстан, Армения және Қырғызстан кіреді.