https://sputnik.kz/20240730/darigerler-ota-zhasau-kezinde-merzimi-otip-ketken-preparat-qoldangan-45967171.html
Дәрігерлер ота жасау кезінде мерзімі өтіп кеткен препарат қолданған
Дәрігерлер ота жасау кезінде мерзімі өтіп кеткен препарат қолданған
Sputnik Қазақстан
Есірткі заттары бар ампулалар уақытылы жойылмаған 30.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-30T13:19+0500
2024-07-30T13:19+0500
2024-07-30T13:26+0500
прокуратура
https://sputnik.kz/img/616/80/6168072_0:232:3072:1960_1920x0_80_0_0_c76a1fc7b7732a723a50ec465fc28aae.jpg
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Абай облысы Мақаншы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау мекемесін тексеру барысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша көптеген заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды облыстық прокуратура.Тексеру барысында дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмағаны, есірткі заттары бар ампулалардың уақытылы жойылмағаны және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмағаны анықталды.Сонымен қатар, ота жасау кезінде дәрігерлер науқастарға мерзімі өтіп кеткен "Кетам" анестезия (наркоз) препараттарын қолданған.Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, 12 тұлғаға Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 426-бабы (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша 1,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/616/80/6168072_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_b2f6e1c27cdf498baddd32bc09fd1fdc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
прокуратура
Дәрігерлер ота жасау кезінде мерзімі өтіп кеткен препарат қолданған
13:19 30.07.2024 (жаңартылды: 13:26 30.07.2024) Есірткі заттары бар ампулалар уақытылы жойылмаған
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Абай облысы Мақаншы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау мекемесін тексеру барысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша көптеген заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Тексеру барысында дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмағаны, есірткі заттары бар ампулалардың уақытылы жойылмағаны және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмағаны анықталды.
Сонымен қатар, ота жасау кезінде дәрігерлер науқастарға мерзімі өтіп кеткен "Кетам" анестезия (наркоз) препараттарын қолданған.
Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, 12 тұлғаға Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 426-бабы (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша 1,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.