https://sputnik.kz/20240730/almatyda-biyl-10-zhekemenshik-mektep-ashylady--qala-akimi-45980887.html
Алматыда биыл 10 жекеменшік мектеп ашылады – қала әкімі
Алматыда биыл 10 жекеменшік мектеп ашылады – қала әкімі
Sputnik Қазақстан
Сонымен қатар жыл соңына дейін жергілікті бюджет есебінен 3,7 мың орындық 8 білім беру нысаны пайдалануға беріледі 30.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-30T17:05+0500
2024-07-30T17:05+0500
2024-07-30T17:05+0500
мектеп
алматы
https://sputnik.kz/img/07e8/02/16/42436446_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_e8d999de052593629e87c5ea4fff331c.jpg
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Президентке қаланың тыныс-тіршілігі туралы баяндаған Ерболат Досаев Алматының жоғарғы бөлігін сумен қамтудың резервтік схемасын жасау жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы да айтты.Қала басшысының айтуынша, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Биыл 4 медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығының құрылысы және 12 емхананың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады."Бұған қоса, жыл соңына дейін 11 жаңа медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығы мен емхана құрылысының жобасы жасалады. Осы жылы маусым айында Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында "Фетальді хирургия" пилоттық жобасы жүзеге асты. Бұл жоба елімізде алғаш рет қолға алынып отыр", - деп келтірді Досаевтың баяндамасын Ақорда.Сонымен қатар Мемлекет басшысына мектептердегі орын тапшылығын азайту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде айтылды."Жыл соңына дейін жергілікті бюджет есебінен 3,7 мың орындық 8 нысан пайдалануға беріледі. Сонымен қатар 6,4 мың орындық 10 жекеменшік мектеп ашылады", - деді Ерболат Досаев.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібін дамытуға, сондай-ақ Алматы экономикасын әртараптандыру аясында шағын және орта бизнес үлесінің өсуі есебінен кірісті одан әрі арттыруға баса назар аударуды тапсырды.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/16/42436446_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_b1dcc743e0f0cdea42c54d8c5abdd1bf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, алматы
Алматыда биыл 10 жекеменшік мектеп ашылады – қала әкімі
Сонымен қатар жыл соңына дейін жергілікті бюджет есебінен 3,7 мың орындық 8 білім беру нысаны пайдалануға беріледі
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президентке қаланың тыныс-тіршілігі туралы баяндаған Ерболат Досаев Алматының жоғарғы бөлігін сумен қамтудың резервтік схемасын жасау жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы да айтты.
"Бұл бағыттағы құрылыс жұмыстары биылғы шілде айында аяқталып, 6 жаңа ұңғыма және 1,5 шақырым магистральдық құбыр пайдалануға берілді. Нәтижесінде қосымша схеманың қуаты 60 пайызға артты. Бұл Медеу ауданының 50 мың тұрғынын сумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Досаев.
Қала басшысының айтуынша, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Биыл 4 медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығының құрылысы және 12 емхананың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады.
"Бұған қоса, жыл соңына дейін 11 жаңа медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығы мен емхана құрылысының жобасы жасалады. Осы жылы маусым айында Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында "Фетальді хирургия" пилоттық жобасы жүзеге асты. Бұл жоба елімізде алғаш рет қолға алынып отыр", - деп келтірді Досаевтың баяндамасын Ақорда.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына мектептердегі орын тапшылығын азайту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде айтылды.
"Жыл соңына дейін жергілікті бюджет есебінен 3,7 мың орындық 8 нысан пайдалануға беріледі. Сонымен қатар 6,4 мың орындық 10 жекеменшік мектеп ашылады", - деді Ерболат Досаев.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібін дамытуға, сондай-ақ Алматы экономикасын әртараптандыру аясында шағын және орта бизнес үлесінің өсуі есебінен кірісті одан әрі арттыруға баса назар аударуды тапсырды.