https://sputnik.kz/20240730/aleumettik-amiyan-mektepterde-oqushylar-zhenildikpen-tamaqtanady-dari-darmek-tegin-beriledi-45959499.html
Әлеуметтік әмиян: мектепте оқушылар жеңілдікпен тамақтанады, дәрі-дәрмек тегін беріледі
Әлеуметтік әмиян: мектепте оқушылар жеңілдікпен тамақтанады, дәрі-дәрмек тегін беріледі
Sputnik Қазақстан
Пилоттық режимде 2023 жылдың соңынан бері елімізде азаматтардың жекелеген санаттарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мектептерде тегін және жеңілдікпен... 30.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-30T09:52+0500
2024-07-30T09:52+0500
2024-07-30T10:06+0500
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32554011_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_6ece7575a3f797c89b7d51d98a0a65da.jpg
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Биылғы 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық өңірінде "Әлеуметтік әмиян" шеңберінде оқушыларды тегін және жеңілдікпен тамақтандыру бойынша жобаны кеңінен тарату басталады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Пилоттық режимде 2023 жылдың соңынан бері елімізде азаматтардың жекелеген санаттарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мектептерде тегін және жеңілдікпен тамақтандыру сияқты қызметтер іске асырылуда.Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша 43 ұйым қосылды, 30 мың рецепт іске асырылды; мектептерде тегін және жеңілдікпен тамақтандыруға – 93 ұйымға 27 мың түскі ас таратылды."Әлеуметтік әмиянды" әзірлеушілер аталған пилоттық жобаның сәтті тәжірибесін таратуға ниетті."Әлеуметтік әмиян" азаматтардың EGOV қосымшасында азаматтарға мемлекеттік қолдау шараларын алуды жеңілдету үшін жасалған.Бұдан басқа, "Әлеуметтік әмиян" шеңберінде ақшалай қаражатты монетизациялау, мүгедектігі бар адамдар үшін техникалық оңалту құралдарын сатып алу; халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізбесінен азық-түлік сатып алуда атаулы көмек көрсету; әлеуметтік осал санаттағы тұтынушылар үшін тауарлы газға ваучерлер мен жанрмай бағасының өсуін өтеу үшін ваучерлер ұсыну бойынша пилоттық жобаны іске қосу қосымша пысықталуда.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32554011_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_f30c77462da11c04d2605767be030a25.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет
Әлеуметтік әмиян: мектепте оқушылар жеңілдікпен тамақтанады, дәрі-дәрмек тегін беріледі
09:52 30.07.2024 (жаңартылды: 10:06 30.07.2024) Пилоттық режимде 2023 жылдың соңынан бері елімізде азаматтардың жекелеген санаттарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мектептерде тегін және жеңілдікпен тамақтандыру сияқты қызметтер іске асырылуда
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Биылғы 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық өңірінде "Әлеуметтік әмиян" шеңберінде оқушыларды тегін және жеңілдікпен тамақтандыру бойынша жобаны кеңінен тарату басталады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Пилоттық режимде 2023 жылдың соңынан бері елімізде азаматтардың жекелеген санаттарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мектептерде тегін және жеңілдікпен тамақтандыру сияқты қызметтер іске асырылуда.
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша 43 ұйым қосылды, 30 мың рецепт іске асырылды; мектептерде тегін және жеңілдікпен тамақтандыруға – 93 ұйымға 27 мың түскі ас таратылды.
"Әлеуметтік әмиянды" әзірлеушілер аталған пилоттық жобаның сәтті тәжірибесін таратуға ниетті.
"Әлеуметтік әмиян" азаматтардың EGOV қосымшасында азаматтарға мемлекеттік қолдау шараларын алуды жеңілдету үшін жасалған.
"Бұл жоба арқылы мемлекеттік көмек алу және оның жүргізілу тарихын қадағалау ыңғайлы. Ваучерлер жекелендірілген түрде жазылады, бұл кез келген заңсыз тіркеулердің мүмкіндігін шектейді. Жыл соңына дейін аталған өнім еліміздің барлық азаматтарына ыстық тамақ пен дәрі-дәрмек бойынша қолжетімді болады деп жоспарланып отыр", — деді BTS Digital ЖШС бас директоры Нұртай Әбілғалиев.
Бұдан басқа, "Әлеуметтік әмиян" шеңберінде ақшалай қаражатты монетизациялау, мүгедектігі бар адамдар үшін техникалық оңалту құралдарын сатып алу; халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізбесінен азық-түлік сатып алуда атаулы көмек көрсету; әлеуметтік осал санаттағы тұтынушылар үшін тауарлы газға ваучерлер мен жанрмай бағасының өсуін өтеу үшін ваучерлер ұсыну бойынша пилоттық жобаны іске қосу қосымша пысықталуда.