Қызылордада газ жарылды: 4 бала ауруханаға түсті

© Қызылорда облыстық ТЖДҚызылордада газ жарылып, салдарынан жеке тұрғын үй қирады
Қызылордада газ жарылып, салдарынан жеке тұрғын үй қирады - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2024
Жазылу
Олар балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Қызылордада газ жарылып, салдарынан жеке тұрғын үй қирады. Төрт жасөспірім жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Ведомствоның мәліметінше, 28 шілдеде сағат 19-дан 56 минут өткенде Қызылорда қаласының Әл-Фараби шағын ауданында жеке тұрғын үйде газ жарылып, тұрғын үй қираған.
"4 жасөспірім зардап шекті. Қазіргі таңда олар балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр ", - делінген хабарламада.
ТЖД ата-аналарға балалар мен жасөспірімдерді ересектердің бақылауынсыз қалдырмауды ескертті.
Жаңалықтар
0