https://sputnik.kz/20240729/aqmola-oblysynda-audan-akimi-men-basqarma-basshysy-qatan-sogis-aldy-45954098.html
Ақмола облысында аудан әкімі мен басқарма басшысы қатаң сөгіс алды
Ақмола облысында аудан әкімі мен басқарма басшысы қатаң сөгіс алды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 29 шілде - Sputnik. Ақмола облысында Бұланды ауданының әкімі Ардақ Смайылов пен облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Марат... 29.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-29T22:11+0500
2024-07-29T22:11+0500
2024-07-29T22:11+0500
ақмола облысы
әкім
сөгіс
https://sputnik.kz/img/07e8/06/15/45102835_3:0:1278:717_1920x0_80_0_0_463e678da5baea554734e9d249c14b27.jpg
АЛМАТЫ, 29 шілде - Sputnik. Ақмола облысында Бұланды ауданының әкімі Ардақ Смайылов пен облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Марат Әубәкіров қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапқа тартылды.Ақмола облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, аудан әкім су тасқынының салдарын жою бойынша жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны үшін жауапқа тартылып отыр."Көктемгі су тасқынының салдарын жою жөніндегі іс-шараларды уақытылы орындамағаны, сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың сапасыз тізімдерін құрастырғаны үшін Ақмола облысы әкімінің өкімімен Бұланды ауданының әкімі Ардақ Смайылов қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жазаға тартылды", - делінген хабарламада.Сонымен бірге, Жарқайың, Бұланды аудандарында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға үй және Целиноград, Біржан сал, Бұланды, Сандықтау аудандары мен Степногорск қаласының Бестөбе кентінде мектеп құрылысының кестеден кешігуіне себепкер Ақмола облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Марат Әубәкіровке де қатаң сөгіс жарияланды.
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/15/45102835_162:0:1118:717_1920x0_80_0_0_91119588f37ed30bc25e3b30fd5b2ad6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, әкім, сөгіс
ақмола облысы, әкім, сөгіс
Ақмола облысында аудан әкімі мен басқарма басшысы қатаң сөгіс алды
АЛМАТЫ, 29 шілде - Sputnik. Ақмола облысында Бұланды ауданының әкімі Ардақ Смайылов пен облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Марат Әубәкіров қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапқа тартылды.
Ақмола облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, аудан әкім су тасқынының салдарын жою бойынша жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны үшін жауапқа тартылып отыр.
"Көктемгі су тасқынының салдарын жою жөніндегі іс-шараларды уақытылы орындамағаны, сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың сапасыз тізімдерін құрастырғаны үшін Ақмола облысы әкімінің өкімімен Бұланды ауданының әкімі Ардақ Смайылов қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жазаға тартылды", - делінген хабарламада.
Сонымен бірге, Жарқайың, Бұланды аудандарында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға үй және Целиноград, Біржан сал, Бұланды, Сандықтау аудандары мен Степногорск қаласының Бестөбе кентінде мектеп құрылысының кестеден кешігуіне себепкер Ақмола облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Марат Әубәкіровке де қатаң сөгіс жарияланды.