https://sputnik.kz/20240729/amerikalyq-sarapshy-aqsh-tyn-ukrainany-qalpyna-keltiruge-qarazhat-boluine-kuman-keltirdi-45938369.html
Америкалық сарапшы АҚШ-тың Украинаны қалпына келтіруге қаражат бөлуіне күмән келтірді
Америкалық сарапшы АҚШ-тың Украинаны қалпына келтіруге қаражат бөлуіне күмән келтірді
Sputnik Қазақстан
Дүниежүзілік банк бағалауы бойынша, Украинаны қалпына келтіруге жарты триллион доллар қажет деп есептейді 29.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-29T10:39+0500
2024-07-29T10:39+0500
2024-07-29T10:39+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ақш
украина
https://sputnik.kz/img/11/28/112805_119:0:2590:1390_1920x0_80_0_0_53afbeb71775c8bb933ac26fd0e41c9d.jpg
АСТАНА, 29 шілде - Sputnik. АҚШ-тың Украинаны қалпына келтіруге қаражат бөлуге келісуі екіталай. Бұл туралы Маргарет Тэтчер атындағы еркіндік орталығының сарапшысы Макс Приморак National Interest журналындағы мақаласында жазды, деп хабарлады РИА Новости.Сарапшының айтуынша, америкалықтар батыс кредиторларының алдындағы миллиардтаған доллар қарызға Киевтің көзқарасына наразы. Украина мемлекетті қалпына келтіруге бөлінетін көмекке сенбес бұрын барлық ескі қарызды өтеуі керек, деп мәлімдеді Приморак.Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль бұрын хабарлағандай, Киев қарызды қайта құрылымдау бойынша кредиторлармен келісімге келіп, бұл алдағы үш жылда қарызға қызмет көрсетуден 11,4 миллиард долларды және 2033 жылға дейін 22,75 миллиард долларды үнемдеуге мүмкіндік береді. Оның айтуынша, үнемделген қаражат әскери салаға, әлеуметтік қорғау мен қайта құруға бағытталады.Дүниежүзілік банк бағалауы бойынша, Украинаны қалпына келтіруге жарты триллион доллар қажет деп есептейді. Бұл ретте Украина бұдан екі есе көп қаражат керек деп мәлімдеді. Бұған дейін Ақ үй G7 елдері Ресейдің тыйым салынған активтері есебінен Украинаны қалпына келтіруді жоспарлап отырғанын айтқан.
ақш
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/11/28/112805_428:0:2281:1390_1920x0_80_0_0_3a20a755b6a63bfa6b7ffb592da4378e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш, украина
Америкалық сарапшы АҚШ-тың Украинаны қалпына келтіруге қаражат бөлуіне күмән келтірді
Дүниежүзілік банк бағалауы бойынша, Украинаны қалпына келтіруге жарты триллион доллар қажет деп есептейді
АСТАНА, 29 шілде - Sputnik. АҚШ-тың Украинаны қалпына келтіруге қаражат бөлуге келісуі екіталай. Бұл туралы Маргарет Тэтчер атындағы еркіндік орталығының сарапшысы Макс Приморак National Interest журналындағы мақаласында жазды, деп хабарлады РИА Новости.
"Америкалық салық төлеушілердің шоттарды төлеуге ынталы еместігі негізгі мәселе болып отыр", - делінген мақалада.
Сарапшының айтуынша, америкалықтар батыс кредиторларының алдындағы миллиардтаған доллар қарызға Киевтің көзқарасына наразы. Украина мемлекетті қалпына келтіруге бөлінетін көмекке сенбес бұрын барлық ескі қарызды өтеуі керек, деп мәлімдеді Приморак.
Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль бұрын хабарлағандай, Киев қарызды қайта құрылымдау бойынша кредиторлармен келісімге келіп, бұл алдағы үш жылда қарызға қызмет көрсетуден 11,4 миллиард долларды және 2033 жылға дейін 22,75 миллиард долларды үнемдеуге мүмкіндік береді. Оның айтуынша, үнемделген қаражат әскери салаға, әлеуметтік қорғау мен қайта құруға бағытталады.
Дүниежүзілік банк бағалауы бойынша, Украинаны қалпына келтіруге жарты триллион доллар қажет деп есептейді. Бұл ретте Украина бұдан екі есе көп қаражат керек деп мәлімдеді. Бұған дейін Ақ үй G7 елдері Ресейдің тыйым салынған активтері есебінен Украинаны қалпына келтіруді жоспарлап отырғанын айтқан.