https://sputnik.kz/20240728/qytay-ukraina-dagdarysy-ayasynda-aqsh-tyn-qysymyna-shydamaydy---qkhr-sim--45934187.html
Қытай Украина дағдарысы аясында АҚШ-тың қысымына шыдамайды - ҚХР СІМ
Қытай Украина дағдарысы аясында АҚШ-тың қысымына шыдамайды - ҚХР СІМ
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Қытай Украина дағдарысы аясында АҚШ-тың қысымы мен бопсалауына шыдамайды және өз мүдделері мен заңды құқықтарын қорғау үшін шешуші... 28.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-28T20:57+0500
2024-07-28T20:57+0500
2024-07-28T20:57+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
қытай
ақш
https://sputnik.kz/img/07e8/05/14/44411127_0:178:648:543_1920x0_80_0_0_bd5d1bd7f52b18693fae6706ce322bfc.jpg
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Қытай Украина дағдарысы аясында АҚШ-тың қысымы мен бопсалауына шыдамайды және өз мүдделері мен заңды құқықтарын қорғау үшін шешуші және тиімді шаралар қабылдайды. Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрі Ван И АҚШ мемлекеттік хатшысы Антони Блинкенмен кездесуі барысында мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости. Ван И мен Блинкен сенбі күні Лаоста Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығы (АСЕАН) өткізген іс-шаралар аясында кездесті. Ван Идің айтуынша, Қытайдың Украина мәселесіне қатысты ұстанымы айқын, Бейжің бейбітшілік пен келіссөздерді жалғастыра береді. Дипломат АҚШ біржақты санкциялар енгізуді және "заңдарды экстерриториялық кеңейтуді" жөнсіз қолдануды тоқтатуы керек екенін айтты.
қытай
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/14/44411127_0:117:648:603_1920x0_80_0_0_afe479016a9fe83c728c6d4ee9c93d9b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, ақш
Қытай Украина дағдарысы аясында АҚШ-тың қысымына шыдамайды - ҚХР СІМ
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Қытай Украина дағдарысы аясында АҚШ-тың қысымы мен бопсалауына шыдамайды және өз мүдделері мен заңды құқықтарын қорғау үшін шешуші және тиімді шаралар қабылдайды. Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрі Ван И АҚШ мемлекеттік хатшысы Антони Блинкенмен кездесуі барысында мәлімдеді, деп хабарлады
РИА Новости.
Ван И мен Блинкен сенбі күні Лаоста Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығы (АСЕАН) өткізген іс-шаралар аясында кездесті.
Ван Идің айтуынша, Қытайдың Украина мәселесіне қатысты ұстанымы айқын, Бейжің бейбітшілік пен келіссөздерді жалғастыра береді. Дипломат АҚШ біржақты санкциялар енгізуді және "заңдарды экстерриториялық кеңейтуді" жөнсіз қолдануды тоқтатуы керек екенін айтты.
"Біз қысымға немесе бопсалауға шыдамаймыз және өзіміздің негізгі мүдделеріміз бен заңды құқықтарымызды қорғау үшін шешуші және тиімді шаралар қабылдаймыз", - деп келтіреді Қытай СІМ ресми сайты Ван Идің сөзін.