https://sputnik.kz/20240728/qazaqstan-biday-importyna-tyyym-saludy-zhyl-sonyna-deyin-uzartty-45933576.html
Қазақстан бидай импортына тыйым салуды жыл соңына дейін ұзартты
Қазақстан бидай импортына тыйым салуды жыл соңына дейін ұзартты
Sputnik Қазақстан
Сондай-ақ, Қазақстан аумағынан асыл тұқымды ірі және ұсақ малды әкетуге салынған тыйым тағы жарты жылға ұзартылды 28.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-28T20:09+0500
2024-07-28T20:09+0500
2024-07-28T20:09+0500
бидай
мемлекеттік баж
https://sputnik.kz/img/07e4/09/16/15020269_0:3:3332:1877_1920x0_80_0_0_6e0caefb0042a79c84016d12b825a4a9.jpg
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Қазақстанға барлық көлік түрлерімен бидайдың әкелінуіне салынған тыйым жыл соңына дейін ұзартылды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Бұл шешім Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында қабылданды.Сондай-ақ, Қазақстан аумағынан асыл тұқымды ірі қара мен ұсақ малды әкетуге тыйым салу алты айға 6 айға ұзартылды. Бұл тыйым Қазақстанда биылғы жылдың 8 қаңтарында енгізілген.Сонымен қатар көліктің барлық түрлерімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салу жыл соңына дейін ұзартылды. Елге бидайды "жасырын схема" арқылы әкелу және оны Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарынан автокөлікпен кері экспорттау қаупі әлі де сейілген жоқ. Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда жоғары болады деп күтілетін дәнді дақылдарды жинау болжамдары да назарға алынды.Сондай-ақ ВАК отырысында отандық шырындар мен сусындар өндірушілерін қолдау мақсатында өрік, алмұрт және шабдалы езбесін әкелуге арналған кедендік баж салығы мөлшерлемесін төмендету мақұлданды.
https://sputnik.kz/20240727/qazaqstan-azerbayzhanga-1-mln-tonnadan-astam-biday-zhetkizuge-dayyn-45919789.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/16/15020269_358:0:3089:2048_1920x0_80_0_0_597ab79ea065cc7997ab69da2fef7d6c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бидай, мемлекеттік баж
Қазақстан бидай импортына тыйым салуды жыл соңына дейін ұзартты
Сондай-ақ, Қазақстан аумағынан асыл тұқымды ірі және ұсақ малды әкетуге салынған тыйым тағы жарты жылға ұзартылды
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Қазақстанға барлық көлік түрлерімен бидайдың әкелінуіне салынған тыйым жыл соңына дейін ұзартылды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Бұл шешім Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында қабылданды.
Сондай-ақ, Қазақстан аумағынан асыл тұқымды ірі қара мен ұсақ малды әкетуге тыйым салу алты айға 6 айға ұзартылды. Бұл тыйым Қазақстанда биылғы жылдың 8 қаңтарында енгізілген.
"Мемлекеттің сүт-тауарлы фермаларын ауқымды салу және аустралиялық әдіспен мал шаруашылығын дамытуды қолдау жөніндегі міндеттерді ескере отырып, тыйым салуды тағы 6 айға ұзарту туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар көліктің барлық түрлерімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салу жыл соңына дейін ұзартылды. Елге бидайды "жасырын схема" арқылы әкелу және оны Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарынан автокөлікпен кері экспорттау қаупі әлі де сейілген жоқ. Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда жоғары болады деп күтілетін дәнді дақылдарды жинау болжамдары да назарға алынды.
Сондай-ақ ВАК отырысында отандық шырындар мен сусындар өндірушілерін қолдау мақсатында өрік, алмұрт және шабдалы езбесін әкелуге арналған кедендік баж салығы мөлшерлемесін төмендету мақұлданды.