Спорт

Геннадий Головкин Елдос Сметовті Олимпиададағы жеңісімен құттықтады

© Olympic.kzГеннадий Головкин мен Елдос Сметов
Геннадий Головкин мен Елдос Сметов - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2024
Жазылу
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыны құттықтаған болатын
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин дзюдошы Елдос Сметовті Париждегі Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Olympic.kz.
"Біздің даңқты спортшымыз Елдос Сметовті Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтаймын! Елдос бұл медальға қол жеткізу үшін үш олимпиадалық кезеңді артта қалдырып, өзінің нағыз чемпиондық мінезін көрсетті! Бұл алтынды Елдос алмағанда, кім алады?! Ұлттық Олимпиадалық комитет атынан Елдос пен оның бапкері Ғалымжан Жылгелдиевті Париж Олимпиадасындағы алтын медальмен құттықтаймын! Елдостың жеңісті бастамасы ұлттық құрама үшін жалғасын таба берсін! Алға, Қазақстан!!", - деп келтіреді портал Головкиннің сөзін.
Еске салайық, ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов 60 келі салмақта Олимпиада чемпионы атанды. Қазақ палуаны Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті.
Осылайша, Елдос Сметов олимп шыңын бағындырып, есімін қазақ спорты тарихына алтын әріппен қашап жазды.
Тараздық татами шебері осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасында финалға шыққанымен қарсыласына есе жіберіп, күміспен күптелген. Ал Токиодағы ойындарда Торнике Чкадуаны жығып, үздік үштікті түйіндеген. Ал бүгін Елдос өміріндегі басты белдесуде бар шеберлігін паш етті.
Бұған дейін Елдос Сметовті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.
Елдос Сметов - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2024
Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанды
Жаңалықтар
0