Ресейлік астықты Қазақстанға кіргізуге тыйым салынуы мүмкін

© Sputnik / Алексей Майшев / Медиабанкке өтуСушка зерна, архивное фото
Сушка зерна, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Агроөнеркәсіп кешені бойынша ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында ресейлік астық импортын шектеу мәселесі қаралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "АПК Новости" агенттігіне ілтеме жасап.
Комиссия уақытша шектеуді алты айға енгізуге шешім қабылдады.
"Ведомствоаралық комиссияның бүгінгі отырысында сыртқы экономикалық саясат мәселелері қаралды. Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасына астықты кіргізуге алты айға тыйым салу туралы шешім қабылданды. Бұл шектеу комиссия хаттамасы рәсімделгеннен кейін күшіне енеді. Одан кейін ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті бұйрықты шығаруы қажет. Шектеу шамамен 2024 жылы тамыз айында енгізіледі деген жоспар бар", - дейді астық одағының өкілі.
Оның айтуынша, шектеу енгізудің негізгі мақсаты – отандық өнім өндірушілерді қолдау. Сонда "арзан ресейлік астық қазақстандық бидайды ішкі және сыртқы нарықта сатуға кедергі жасамайды".
Бұдан бөлек, комиссия отырысында экспортқа баж салығын енгізу мәселесі де қаралды.
"50% көлемінде баж салығын енгізу жоспарланып отыр. Соның салдарынан қазақстандық астықтың эскпорттық бағасы көтеріліп, Қазақстан дәстүрлі нарықтардан айырылуы мүмкін. Биыл бидайдың рекордтық көлемі жиналады деген болжам бар. Ендігі мәселе – оны қайда сатамыз? Пәкістанда жақсы астық жиналады дейді. Соның нәтижесінде Ауғанстанға жіберетін астығымыз азайып қалуы мүмкін", — деп атап көрсетті сала маманы.
Айта кетері, бұған дейін Қазақстанда ресейлік астықты әкелуге тек ұн тартушылар мен құс өсірушілерге рұқсат берілген. Ал толық шектеу енгізілсе, олар да көрші елдің өнімін ала алмайды.
Жаңалықтар
0