https://sputnik.kz/20240727/resey-sanktsiyalarga-beyimdelip-aldy--orban-45922590.html
Ресей санкцияларға бейімделіп алды – Орбан
Ресей санкцияларға бейімделіп алды – Орбан
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Ресей санкцияларға бейімделіп, экономикалық және әлеуметтік икемділік танытып отыр, деп мәлімдеді Венгрия премьер-министрі Виктор... 27.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-27T18:50+0500
2024-07-27T18:50+0500
2024-07-27T18:50+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
санкция
ақш санкциялары
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/02/39834864_0:0:2798:1574_1920x0_80_0_0_2925a7f3203b751cc3fe0babb191cc7b.jpg
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Ресей санкцияларға бейімделіп, экономикалық және әлеуметтік икемділік танытып отыр, деп мәлімдеді Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Румынияның Бэиле-Тушнад қаласында сөйлеген сөзінде. Тікелей эфир М1 телеарнасында жүргізілді, деп хабарлайды Риа Новости.Оның айтуынша, санкциялардың кесірінен Батыстан ауылшаруашылық өнімдерін импорттау мүмкіндігінен айырылған Ресей бірнеше жылда азық-түлік тауарларының ең ірі экспорттаушысына айналды.Ол Батыстың бүкіл әлемге Ресейге қарсы тұруды бұйырғанымен, шын мәнінде, керісінше, барлығы оны біртіндеп қолдай бастағанына назар аударды. Сонымен бірге Венгрия премьер-министрі Ресейді Қытай мен Солтүстік Кореяның қолдағанына таң қалмағанын мойындады. Бірақ Иранның, Үндістанның, Түркияның және Ресейді серіктес деп санайтын мұсылман әлемінің ұстанымы күтпеген жағдай болғанын жасырмады.Украинада Ресейдің әскери арнайы операциясы басталғаннан кейін Батыс елдері Мәскеуге санкциялық қысымды күшейтті. Президент Владимир Путин атап өткендей, Ресейді тежеу және әлсірету саясаты Батыстың ұзақ мерзімді стратегиясы болған. Бірақ санкциялар бүкіл әлемдік экономикаға ауыр соққы берді. Оның айтуынша, АҚШ пен оның одақтастарының басты мақсаты – миллиондаған адамдардың өмірін нашарлату.Соған қарамастан, Ресей қысыммен күресуде, ал Батыстың өзі шектеулердің тиімсіз екендігі туралы бірнеше рет пікір білдірді. Бірақ Мәскеу атап өткендей, Ресейге қарсы саясатының сәтсіздігін мойындауғаБатыстабатылдық жетіспейді.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/02/39834864_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_e5e555b5d1c383edb686bc15f8a097d2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, санкция, ақш санкциялары
ресей, санкция, ақш санкциялары
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Ресей санкцияларға бейімделіп, экономикалық және әлеуметтік икемділік танытып отыр, деп мәлімдеді Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Румынияның Бэиле-Тушнад қаласында сөйлеген сөзінде. Тікелей эфир М1 телеарнасында жүргізілді, деп хабарлайды
Риа Новости. "Ресей 2014 жылдан бері сабақ алды, оны үйреніп қана қоймай, іс жүзінде жүзеге асырды. Олар қажеттіIT және банк секторын дамытты, сондықтан ресейлік қаржы жүйесі бұзылған жоқ. Олар бейімделу қабілетін дамытты", - деді Орбан.
Оның айтуынша, санкциялардың кесірінен Батыстан ауылшаруашылық өнімдерін импорттау мүмкіндігінен айырылған Ресей бірнеше жылда азық-түлік тауарларының ең ірі экспорттаушысына айналды.
"Ресейді қатал неосталиндік автократия деп сипаттайды. Бұл жалған. Ол, шын мәнінде техникалық, экономикалық қоғамдық икемділік көрсететін ел", — деп атап өтті Венгрия премьер-министрі.
Ол Батыстың бүкіл әлемге Ресейге қарсы тұруды бұйырғанымен, шын мәнінде, керісінше, барлығы оны біртіндеп қолдай бастағанына назар аударды. Сонымен бірге Венгрия премьер-министрі Ресейді Қытай мен Солтүстік Кореяның қолдағанына таң қалмағанын мойындады. Бірақ Иранның, Үндістанның, Түркияның және Ресейді серіктес деп санайтын мұсылман әлемінің ұстанымы күтпеген жағдай болғанын жасырмады.
Украинада Ресейдің әскери арнайы операциясы басталғаннан кейін Батыс елдері Мәскеуге санкциялық қысымды күшейтті. Президент Владимир Путин атап өткендей, Ресейді тежеу және әлсірету саясаты Батыстың ұзақ мерзімді стратегиясы болған. Бірақ санкциялар бүкіл әлемдік экономикаға ауыр соққы берді. Оның айтуынша, АҚШ пен оның одақтастарының басты мақсаты – миллиондаған адамдардың өмірін нашарлату.
Соған қарамастан, Ресей қысыммен күресуде, ал Батыстың өзі шектеулердің тиімсіз екендігі туралы бірнеше рет пікір білдірді. Бірақ Мәскеу атап өткендей, Ресейге қарсы саясатының сәтсіздігін мойындауғаБатыстабатылдық жетіспейді.