https://sputnik.kz/20240727/qostanay-oblysyndagy-zher-silkinisi-qutqarushylar-oqiga-ornyna-bardy-45921656.html
Қостанай облысындағы жер сілкінісі: құтқарушылар оқиға орнына барды
Қостанай облысындағы жер сілкінісі: құтқарушылар оқиға орнына барды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Бүгін Ұлттық ядролық орталығының геофизикалық зерттеулер институты Рудный қаласынан 21 шақырым шалғай жерде сейсмикалық оқиға... 27.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-27T16:49+0500
2024-07-27T16:49+0500
2024-07-27T16:49+0500
қостанай облысы
жер сілкінісі
https://sputnik.kz/img/908/59/9085976_0:0:2405:1352_1920x0_80_0_0_d08a06b15e8ff1ec7fd682158258a764.jpg
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Бүгін Ұлттық ядролық орталығының геофизикалық зерттеулер институты Рудный қаласынан 21 шақырым шалғай жерде сейсмикалық оқиға тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Орталықтың жедел мәліметіне сәйкес, таңғы сағат 9:54-те Рудный қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай жер 21 км жерде сейсмикалық оқиға болды. Эпицентрдің координаттары (52.81 градус солтүстік ендік, 63.28 градус шығыс бойлық. Магнитудасы mb=3.9. Энергетикалық класс К=9.4.) да жарияланды.Құтқарушылар шұғыл оқиға орнына барды. Рудный қалалық төтенше жағдайлар депаратменті директорының міндетін атқарушы Ерлан Бисеннің айтуынша, орталық көрсеткен координатарда Белозерка ауылы орналасқан.
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/908/59/9085976_237:0:2040:1352_1920x0_80_0_0_e5ce4f596383df7a58a3fa922721b713.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, жер сілкінісі
қостанай облысы, жер сілкінісі
Қостанай облысындағы жер сілкінісі: құтқарушылар оқиға орнына барды
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Бүгін Ұлттық ядролық орталығының геофизикалық зерттеулер институты Рудный қаласынан 21 шақырым шалғай жерде сейсмикалық оқиға тіркеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Орталықтың жедел мәліметіне сәйкес, таңғы сағат 9:54-те Рудный қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай жер 21 км жерде сейсмикалық оқиға болды. Эпицентрдің координаттары (52.81 градус солтүстік ендік, 63.28 градус шығыс бойлық. Магнитудасы mb=3.9. Энергетикалық класс К=9.4.) да жарияланды.
Құтқарушылар шұғыл оқиға орнына барды. Рудный қалалық төтенше жағдайлар депаратменті директорының міндетін атқарушы Ерлан Бисеннің айтуынша, орталық көрсеткен координатарда Белозерка ауылы орналасқан.
"Белозерка ауылына мамандар барды. Оқиғаның мән-жайын анықтау кезінде ауылда белгісіз сипаттағы дүмпулердің тіркелмегені белгілі болды. Жергілікті тұрғындар да дүмпулерді сезбегенін айтты", - дейді Бисен.