https://sputnik.kz/20240727/eek-kooperatsiyalyq-zhobany-qarzhylandyruga-arnalgan-algashqy-otinimdi-qarastyrdy-45949722.html
ЕЭК кооперациялық жобаны қаржыландыруға арналған алғашқы өтінімді қарастырды
ЕЭК кооперациялық жобаны қаржыландыруға арналған алғашқы өтінімді қарастырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ бюджеті есебінен өнеркәсіптік кооперацияға қаржылай жәрдемдесудің... 27.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-27T16:42+0500
2024-07-27T16:42+0500
2024-07-29T18:49+0500
еаэо
экономика
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42163013_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_ed1a64266081eae0354706a049c5466f.jpg
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ бюджеті есебінен өнеркәсіптік кооперацияға қаржылай жәрдемдесудің жаңа механизміне қатысу үшін бизнес өкілдерінен келіп түскен алғашқы өтінімді қарастырды, деп хабарлады комиссияның баспасөз қызметі. Комиссияның өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегянның төрағалығымен өткен өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитеттің отырысына өтінім "Газпромбанк" АҚ-тан келіп түсті және ресейлік "Титан Полимер"ЖШҚ компаниясының жобасына қатысты болды. Жоба аясында технологиялық жабдықтарды жеткізу бөлігінде ЕАЭО елдері кәсіпорындарының кооперациялық қатысуы көзделген. Консультативтік комитет ЕАЭО-ның Жалпы ақпараттық ресурстар порталындағы "Өнеркәсіп" бөлімінде орналастыру үшін технологиялар трансфері, өнеркәсіпте ғылыми-техникалық ақпарат алмасу, мүше мемлекеттерде өнеркәсіптік меншікті есепке алу салаларында құзыреті бар ұйымдардың тізбесін және Одақта өнеркәсіптік-технологиялық ынтымақтастықты дамыту мақсатында ғылыми-техникалық ақпарат және тәжірибе алмасуға бағытталған ақпараттық ресурстардың тізбесін келісімге алды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42163013_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_e5f7bb176df88213320cddb11874806a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, экономика, видео
ЕЭК кооперациялық жобаны қаржыландыруға арналған алғашқы өтінімді қарастырды
16:42 27.07.2024 (жаңартылды: 18:49 29.07.2024) АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ бюджеті есебінен өнеркәсіптік кооперацияға қаржылай жәрдемдесудің жаңа механизміне қатысу үшін бизнес өкілдерінен келіп түскен алғашқы өтінімді қарастырды, деп хабарлады
комиссияның баспасөз қызметі.
Комиссияның өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегянның төрағалығымен өткен өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитеттің отырысына өтінім "Газпромбанк" АҚ-тан келіп түсті және ресейлік "Титан Полимер"ЖШҚ компаниясының жобасына қатысты болды. Жоба аясында технологиялық жабдықтарды жеткізу бөлігінде ЕАЭО елдері кәсіпорындарының кооперациялық қатысуы көзделген.
"Жоба Одақ елдері арасында технологиялық жабдықты, мысалы, электротехникалық, қазандық және өртке қарсы жабдықтарды жеткізуде кооперация жасауға мүмкіндік береді. Оны іске асыру нәтижесінде химия саласында заманауи импортты алмастыратын кешен құрылатын болады", – деп атап өтті Гоар Барсегян.
Консультативтік комитет ЕАЭО-ның Жалпы ақпараттық ресурстар порталындағы "Өнеркәсіп" бөлімінде орналастыру үшін технологиялар трансфері, өнеркәсіпте ғылыми-техникалық ақпарат алмасу, мүше мемлекеттерде өнеркәсіптік меншікті есепке алу салаларында құзыреті бар ұйымдардың тізбесін және Одақта өнеркәсіптік-технологиялық ынтымақтастықты дамыту мақсатында ғылыми-техникалық ақпарат және тәжірибе алмасуға бағытталған ақпараттық ресурстардың тізбесін келісімге алды.