Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізушілерге ескерту жасады

© Photo : Чат-бот КПП "КПП Маштаково" - "Сырым"Автомобильная пробка на КПП "Сырым" - "Маштаково"
Автомобильная пробка на КПП Сырым - Маштаково - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі Қазақстан-Ресей шекарасында көлік өткізу кезінде қиындықтар болатынын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, "Сырым" бақылау өткізу бекетінде көлік қозғалысы қиындайды.
"ҰҚК Шекара қызметі 29 шілде мен 3 тамыз аралығында Қазақстан – Ресей шекарасындағы "Сырым" өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін хабарлайды. Көрсетілген кезеңде шектес аумақтағы "Маштаково" бақылау өткізу бекетінің инспекциялық-тексеру аймағында жол төсемін жөндеу жоспарланған", - делінген хабарламада
Комитет хабарлағандай, басқа пунктер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ. Көлік жүргізушілері осыны ескеріп, қозғалыс бағдарын алдын ала жоспарлауы қажет.
Жаңалықтар
0