Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысудан бас тартты

© Sputnik / Медиабанкке өтуЗаседание Совета Безопасности ООН
Заседание Совета Безопасности ООН - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2024
Жазылу
Украина делегациясы Ресей Федерациясының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарына қатысу мүмкін емес деп санайды
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Украина сыртқы істер министрлігі Telegram-арнасында украиналық тарап Ресейдің төрағалығымен өтетін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Украина қарулы күштеріне Батыс елдерінің қару-жарақ жеткізу мәселесі бойынша отырысына қатысудан бас тартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Риа Новости.

"Мәскеу Киевке әскери көмек көрсетуді айыптау үшін бейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізеді. Украина Ресейдің төрағалығымен өтетін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысудан бас тартты. Осылайша, Украина делегациясы Ресей Федерациясының Қауіпсіздік кеңесінде Кеңес Одағының тұрақты орнын иеленуі заңсыз екені туралы өзінің ұстанымын растайды", - делінген Украина сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

Осыған байланысты Украина делегациясы Ресей Федерациясының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарына қатысу мүмкін емес деп санайды.
Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген.
Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты. Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
0