Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Қытайдың АҚШ-тағы елшісі: Украинадағы дағдарыс екі елдің қарым-қатынасын бұзбау керек

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание мажилиса
Заседание мажилиса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 26 шілде - Sputnik. Украинадағы дағдарыс АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынаста проблемаға айналмауы керек, ал екі ұлы держава арасындағы қақтығыс елестету мүмкін емес салдарға әкеп соқтырар еді, деді ҚХР-ның Вашингтондағы елшісі Се Фэн.
"Украиналық қақтығыс АҚШ пен Қытай арасындағы қарым - қатынаста кедергі болмайды және болмауы керек, ал ұрысты тез арада тоқтату барлық тараптардың мүдделеріне сәйкес келеді",- деді дипломат Қытай Халық-азаттық армиясының құрылғанына 97 жыл толуына орай елшілікте өткен салтанатты қабылдауда.
ҚХР елшісінің айтуынша, Пекин мен Вашингтон "бейбітшілікті бағалап, қарама-қайшылықтан бас тарту жолын ұстануы керек", өйткені екі ел арасындағы қарым-қатынастағы прогресс оларға тарихи тұрғыдан оңай болған жоқ.
"Кез келген қақтығыс немесе араздық екі ел үшін де, бүкіл әлем үшін де елестету мүмкін емес салдарға әкеледі. Біз ашықтық пен жаһандық ынтымақтастықты, өркендеу мен ортақ игілікті таңдаймыз. Біз АҚШ осы бағытта бізбен бірге жұмыс істейді деп үміттенеміз", - деді Вашингтондағы Қытай дипломатиялық миссиясының басшысы.
Жаңалықтар
0