Қостанай облысында 212 мың гектар аңшылық алқап мемлекетке қайтарылды

© Sputnik / Александр МирогловМестность в государственном национальном природном парке Бурабай, недалеко от одноименного поселка
Местность в государственном национальном природном парке Бурабай, недалеко от одноименного поселка - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 26 шілде – Sputnik. Қостанай облысында аңшылық алқаптар мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды облыстық табиғатты қорғау прокуратурасы.
2011 жылы "Сильвер СК" ЖШС-не Қамысты ауданының аумағында 212 мың гектар алқап аңшылық шаруашылығын жүргізуге берілген. Бұны прокуратура анықтады.
“Жоғарғы Соттың 2022 жылғы 22 қарашадағы шешімімен "Сильвер СК" ЖШС банкрот деп танылған және толыққанды қорықшылық қызметті ұйымдастыру үшін ресурстары болмаған. Алайда, уәкілетті орган тарапынан жерді мемлекет қарамағына қайтару жөнінде шаралар қабылдамаған”, - дейді ведомство.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт бұзылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жаңалықтар
0