"Қазселденқорғаудың" бұрынғы басшысына қатысты ақтау үкімінің күші жойылды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСудебное заседание, архивное фото
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2024
Жазылу
Көкрекбаев сот залынан қамауға алынды
АЛМАТЫ, 26 шілде – Sputnik. "Қазселденқорғаудың" бұрынғы басшысы Көкрекбаевқа қатысты ақтау үкімінің күші жойылды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Прокуратура берген ақпарат бойынша, 7 маусымда Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сыбайлас жемқорлықпен байланысты іс бойынша үкім шығарды. Онда алқабилердің кесімімен "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы Кәрім Көкрекбаевқа тағылған айыптардың барлық эпизоды бойынша ақталған.
"Іс бойынша өткен оның бұрынғы орынбасары А.Ахатаев пара алғаны, ал "BazisConstruction Infr" ЖШС филиалының директоры А.Поплавский аса ірі мөлшерде пара бергені үшін кінәлі деп танылған. Алматы облысының прокуратурасы Көкрекбаевтың ақтау үкімімен келіспей, апелляциялық өтінішхат енгізді", - дейді прокуратура.
25 шілдеде Алматы облыстық соты прокуратураның апелляциялық өтінішхатын толық қанағаттандырып, бірінші сатыдағы сот үкімінің күші жойылды. Іс жаңа сот талқылауына жіберіліп, Көкрекбаев сот залынан қамауға алынды.
"Көкрекбаев "Қорғас өзені бойындағы арна қалыптастырушы және қорғаныш құрылыстары" мен "Ақсай өзенінде жағалауды нығайтатын құрылыстар мен бөгеттер салу" объектілері бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне жалпы қамқорлығы мен қол қойғаны үшін 798 мың АҚШ доллары және 23 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталған. Соттың сол үкімімен пара алу және беру фактілері бойынша оның орынбасары А. Ахатаев пен "Bazis Construction" ЖШС филиалының директоры А. Поплавский әрқайсысы 11 жылға бас бостандығынан айырылды", - дейді ведомство.
Еске салайық, Жамбыл облысының бұрынғы әкімі және "Қазселденқорғау" басшысы Кәрім Көкірекбаев пара алу кезінде ұсталған еді.
Кәрім Көкірекбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2024
"Қазселденқорғау" мекемесінің экс-басшысы ақталып шықты – Бас прокуратура мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
0