https://sputnik.kz/20240726/bektenov-orman-agashtaryn-zansyz-kesuge-qarsy-kuresti-kusheytudi-tapsyrdy-45898222.html
Бектенов орман ағаштарын заңсыз кесуге қарсы күресті күшейтуді тапсырды
Бектенов орман ағаштарын заңсыз кесуге қарсы күресті күшейтуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары аясында "Семей орманы" табиғи резерваты аумағын әуеден тексеріп шықты 26.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-26T13:25+0500
2024-07-26T13:25+0500
2024-07-26T13:25+0500
олжас бектенов
https://sputnik.kz/img/07e8/07/1a/45897808_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_990c401bd7f28f452b10abb7241175de.jpg
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Үкімет басшысы табиғи резерват аумағындағы орман тәлімбағы кешені мен ағаш тұқымы стансасын аралап көрді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Онда заманауи швед жабдықтары арқылы жеделдетілген технология бойынша жабық тамыр жүйесі бар қарағай көшеттері өсіріледі.Күйген ағаштарды кәдеге жарату және қайта өңдеу үшін өңірде дайын өнім – ЛАБТ, АЖТ, ББТ, отын брикеттерін шығаратын ағаш өңдеу кешенін салуға 7,5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды.Бүгінгі таңда Семей қаласының индустриалды аймағындағы 55 га жер телімін тіркеу рәсімі жүргізілуде. Бұл ретте өткен жылы табиғи резерват аумағында өз күшімен 38,3 мың текше метр жұмыр ағаш дайындалды. Жоба аясында 530 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.Үкімет басшысы заңсыз ағаш кесумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтар туралы да айтып өтті."Орман – біздің ұлттық байлығымыз. Заңсыз ағаш кесумен айналысатындар – мемлекеттің жауы. Мұнда бүкіл мемлекет күш салып, түбегейлі соққы беруі керек. Бұл —сіздердің және құқық қорғау органдарының міндеті", — деді Бектенов.Былтыр жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеге 37 арнайы техника, оның ішінде өрт сөндіру машиналары, шағын орман өрт кешендері, трактор, патрульдік автокөлік сатып алынды.Мемлекеттік орман күзетінің 12 876 қызметкерінің жалақысы 100%-ға көтерілді. Биыл үкімет қаулысымен 1 шілдеден бастап еліміздегі орман және табиғатты қорғау мекемелерінің қызметкерлері лауазымдық жалақыларына үстемеақы ала бастады. Барлығы 3,3 мыңға жуық қызметкер қосымша ақымен қамтылды. Аталған мақсаттар үшін 2024-2027 жылдарға республикалық бюджеттен 8,4 млрд теңге қарастырылған."Орман алқаптарын сақтау мәселесі және өртке қарсы шараларды қабылдау біздің ерекше назарымызда болады. Мұндай апаттардың қайталануына жол беруге болмайды. Апаттың алдын алу шараларын қағаз жүзінде емес, нақты іс жүзінде толықтай жүзеге асыру маңызды. Ол үшін біз резерватты жарақтандыруды жалғастырамыз, оның ішінде орман өрттерін ерте анықтау жүйесін орнатамыз", — деп атап өтті Бектенов.Экология және табиғи ресурстар министрлігіне "Семей орманын" материалдық-техникалық жарақтандыру және орман алқабын молайту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, сондай-ақ күйген ағаштарды кәдеге асыру жөніндегі жобаны іске асыруға қолдау көрсету тапсырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/1a/45897808_200:0:1400:900_1920x0_80_0_0_8908ed40431978cc9a0e1713db116f77.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олжас бектенов
Бектенов орман ағаштарын заңсыз кесуге қарсы күресті күшейтуді тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары аясында "Семей орманы" табиғи резерваты аумағын әуеден тексеріп шықты
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Үкімет басшысы табиғи резерват аумағындағы орман тәлімбағы кешені мен ағаш тұқымы стансасын аралап көрді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Онда заманауи швед жабдықтары арқылы жеделдетілген технология бойынша жабық тамыр жүйесі бар қарағай көшеттері өсіріледі.
Күйген ағаштарды кәдеге жарату және қайта өңдеу үшін өңірде дайын өнім – ЛАБТ, АЖТ, ББТ, отын брикеттерін шығаратын ағаш өңдеу кешенін салуға 7,5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды.
Бүгінгі таңда Семей қаласының индустриалды аймағындағы 55 га жер телімін тіркеу рәсімі жүргізілуде. Бұл ретте өткен жылы табиғи резерват аумағында өз күшімен 38,3 мың текше метр жұмыр ағаш дайындалды. Жоба аясында 530 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
"Өткен жылы алапат өрт болды. Біз 66 мың га орман қорын жоғалттық. Бұл – бүкіл "Семей орманы" алқабының оннан бір бөлігі. Сондықтан орман өрттерінің алдын алу өте маңызды міндет. ТЖМ және орман шаруашылығы құрылымдарын техникамен жабдықтау бағдарламасын қолға алдық. Аталған бағдарламаны жалғастырып, сіздерді заманауи техникамен қамтамасыз етеміз", - деді Бектенов.
Үкімет басшысы заңсыз ағаш кесумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтар туралы да айтып өтті.
"Орман – біздің ұлттық байлығымыз. Заңсыз ағаш кесумен айналысатындар – мемлекеттің жауы. Мұнда бүкіл мемлекет күш салып, түбегейлі соққы беруі керек. Бұл —сіздердің және құқық қорғау органдарының міндеті", — деді Бектенов.
Былтыр жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеге 37 арнайы техника, оның ішінде өрт сөндіру машиналары, шағын орман өрт кешендері, трактор, патрульдік автокөлік сатып алынды.
Мемлекеттік орман күзетінің 12 876 қызметкерінің жалақысы 100%-ға көтерілді. Биыл үкімет қаулысымен 1 шілдеден бастап еліміздегі орман және табиғатты қорғау мекемелерінің қызметкерлері лауазымдық жалақыларына үстемеақы ала бастады. Барлығы 3,3 мыңға жуық қызметкер қосымша ақымен қамтылды. Аталған мақсаттар үшін 2024-2027 жылдарға республикалық бюджеттен 8,4 млрд теңге қарастырылған.
"Орман алқаптарын сақтау мәселесі және өртке қарсы шараларды қабылдау біздің ерекше назарымызда болады. Мұндай апаттардың қайталануына жол беруге болмайды. Апаттың алдын алу шараларын қағаз жүзінде емес, нақты іс жүзінде толықтай жүзеге асыру маңызды. Ол үшін біз резерватты жарақтандыруды жалғастырамыз, оның ішінде орман өрттерін ерте анықтау жүйесін орнатамыз", — деп атап өтті Бектенов.
Экология және табиғи ресурстар министрлігіне "Семей орманын" материалдық-техникалық жарақтандыру және орман алқабын молайту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, сондай-ақ күйген ағаштарды кәдеге асыру жөніндегі жобаны іске асыруға қолдау көрсету тапсырылды.