https://sputnik.kz/20240726/batys-qazaqstanda-mal-zhappay-qyryldy-ministrlik-tekseris-zhurgizip-zhatyr-45887312.html
Батыс Қазақстанда мал жаппай қырылды: министрлік тексеріс жүргізіп жатыр
Батыс Қазақстанда мал жаппай қырылды: министрлік тексеріс жүргізіп жатыр
Sputnik Қазақстан
38 бас қой-ешкі қырылған 26.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-26T08:42+0500
2024-07-26T08:42+0500
2024-07-26T08:42+0500
батыс қазақстан облысы
мал
жаппай қырылу
ауыл шаруашылығы министрлігі
тексеріс
тексеру
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1c/38839202_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_f523c8b6fce5495a3ae200a6c3c6a7c9.jpg
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik.Батыс Қазақстан облысында ұсақ малдардың жаппай қырылуына байланысты тексеру жүріп жатыр, де хабарлайды аыл шаруашылығы министрлігі.Министрліктің мәліметінше, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық департаменті әлеуметтік желілерде малдың жаппай ауруға шалдығуы және қырылуы туралы жарияланымдарға қатысты тексеру жүргізуде.Желідегі жазба авторы мұның себебін жұқпалы аурудың өршуі деп болжайды. Сондай-ақ, оның айтуынша, жергілікті халық ұзаққа созылған жаңбырдан ұсақ мал әлсіреп кеткенін айтқан.Ведомство атап өткендей, сол күні ветеринарлық қызмет мамандары өлекселерді мал қорымына шығарған. Аса қауіпті ауруларды болдырмау үшін өлген 2 бас қой мен 1 ешкіден патологиялық материалдар іріктеліп алынып, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық ветеринариялық зертханасына жіберілген.Нәтижелері 5 тамызда дайын болады.Эпизоотиялық жағдай осы аумақтың ветеринариялық қызметінің бақылауында.
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1c/38839202_75:0:1275:900_1920x0_80_0_0_856655aa78c76a8603e27b6c4fe687f3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
батыс қазақстан облысы, мал, жаппай қырылу, ауыл шаруашылығы министрлігі, тексеріс, тексеру
батыс қазақстан облысы, мал, жаппай қырылу, ауыл шаруашылығы министрлігі, тексеріс, тексеру
Батыс Қазақстанда мал жаппай қырылды: министрлік тексеріс жүргізіп жатыр
38 бас қой-ешкі қырылған
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik.Батыс Қазақстан облысында ұсақ малдардың жаппай қырылуына байланысты тексеру жүріп жатыр, де хабарлайды аыл шаруашылығы министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық департаменті әлеуметтік желілерде малдың жаппай ауруға шалдығуы және қырылуы туралы жарияланымдарға қатысты тексеру жүргізуде.
Желідегі жазба авторы мұның себебін жұқпалы аурудың өршуі деп болжайды. Сондай-ақ, оның айтуынша, жергілікті халық ұзаққа созылған жаңбырдан ұсақ мал әлсіреп кеткенін айтқан.
"Анықталғандай, 24 шілде күні таңғы сағат 6:00-ден бастап Казтлов ауылында қатты жаңбыр жауған. Шопан жайылымнан қойларын ауылға айдай алмай, Казталов ауылдық округіндегі Мышым қыстауына тастап кеткен. Нәтижесінде 25 шілдеге қараған түні 38 бас қой-ешкі қырылған", - делінген министрлік хабарламасында.
Ведомство атап өткендей, сол күні ветеринарлық қызмет мамандары өлекселерді мал қорымына шығарған. Аса қауіпті ауруларды болдырмау үшін өлген 2 бас қой мен 1 ешкіден патологиялық материалдар іріктеліп алынып, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық ветеринариялық зертханасына жіберілген.
Нәтижелері 5 тамызда дайын болады.
Эпизоотиялық жағдай осы аумақтың ветеринариялық қызметінің бақылауында.