Астана мен Алматы тұрғындары Олимпиада ойындарының ашылуын тікелей эфирде көре алады

© Photo : Ирина Лучинкина / irina_baluРозовые облака. Астана, 18 июня, 2018 г.
Розовые облака. Астана, 18 июня, 2018 г. - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 26 шілде - Sputnik. Бүгін, 26 шілдеде Париж жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуы өтеді. Іс-шара Астананың бірнеше нүктесінде тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Тікелей эфирде олимпиаданың салтанатты ашылуын сағат 22.30-да елорданың келесі орындарында көруге болады:
Орталық саябақтағы "Қазақстандық күн" (сағат) монументінің аумағында;
Mega Silkway лед экраны (ЭКСПО жағынан);
Тұран даңғылы - Қонаев көшесі;
Б. Момышұлы даңғылы - Тәуелсіздік даңғылы;
ЭКСПО аумағындағы экран;
Арбат (Жағалау).
Алматы тұрғындары мен қонақтары ашылу салтанатының тікелей көрсетілімін бес үлкен экранда көре алады:
Джамбо-мәртебелі экран, Назарбаев даңғылы, Сәтбаев көшесі, 14;
"Атакент" КҚКО - мәртебелі экран, Әуезов көшесі, Тимирязев көшесінің қиылысы;
"ОУМ" СОО - медиафасад, Жібек Жолы көшесі, ОУМ қарама-қарсы;
"Алмалы" СОО - Сәтпаев көшесі бойымен оралық алаңдағы стелла;
"Тиграхауд" СОО - медиафасад, Абай даңғылы, Алтынсарин көшесінің қиылысы.
Тікелей эфир жергілікті уақыт бойынша 22:25-те басталады. Олимпиадаға құрамында 80 спортшы бар Қазақстан құрамасы, оның ішінде 11 спортшы және Алматыдан бір параспортшы қатысады.
Жаңалықтар
0