https://sputnik.kz/20240726/alakolge-deltaplan-qulady-zardap-shekkenderdin-zhagdayy-belgili-boldy-45888520.html
Алакөлге дельтаплан құлады: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Алакөлге дельтаплан құлады: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Талдықорғаннан медициналық мекемеге нейрохирург және травматолог жіберілген 26.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-26T09:13+0500
2024-07-26T09:13+0500
2024-07-26T09:13+0500
алакөл
https://sputnik.kz/img/1378/04/13780448_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_28a5494aafef4b4cbaf78adc045e2ca7.jpg
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Дәрігерлер Алакөлге құлаған дельтапланның ішінде болған ер адам мен әйелдің қазіргі жағдайы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы.Басқарманың мәліметінше, оларды жедел жәрдем машинасымен Алакөл ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізген.Олар қазір шокқа қарсы терапиядан, сонымен қатар толық клиникалық-диагностикалық тексерулерден өтіп жатыр. Талдықорғаннан медициналық мекемеге нейрохирург және травматолог жіберілген."Ауруханада пациенттерді емдеуге қажетті барлық дәрі-дәрмек бар. Жағдай бақылауда", - деп хабарлады басқарма.Айта кетері, төтенше жағдайлар министрлігі 25 шілдеде Алакөл көліне дельтаплан құлағанын хабарлаған еді. Құтқарушылар дельтапланнан суға құлаған екі адамды аман алып қалды. Кейін Азаматтық авиация комитеті апат бойынша тергеу жүргізілетінін айтты.
https://sputnik.kz/20240725/alakolge-deltaplan-qulady-komitet-arnayy-tergeu-zhurgizedi-45881818.html
алакөл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1378/04/13780448_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_7aa740556b627fc6984a88dc19c7ffd8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алакөл
Алакөлге дельтаплан құлады: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Талдықорғаннан медициналық мекемеге нейрохирург және травматолог жіберілген
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Дәрігерлер Алакөлге құлаған дельтапланның ішінде болған ер адам мен әйелдің қазіргі жағдайы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Басқарманың мәліметінше, оларды жедел жәрдем машинасымен Алакөл ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізген.
"Зардап шеккендердің жағдайы ауыр. Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылды", - делінген хабарламада.
Олар қазір шокқа қарсы терапиядан, сонымен қатар толық клиникалық-диагностикалық тексерулерден өтіп жатыр. Талдықорғаннан медициналық мекемеге нейрохирург және травматолог жіберілген.
"Ауруханада пациенттерді емдеуге қажетті барлық дәрі-дәрмек бар. Жағдай бақылауда", - деп хабарлады басқарма.
Айта кетері, төтенше жағдайлар министрлігі 25 шілдеде Алакөл көліне дельтаплан құлағанын хабарлаған еді. Құтқарушылар дельтапланнан суға құлаған екі адамды аман алып қалды. Кейін Азаматтық авиация комитеті апат бойынша тергеу жүргізілетінін айтты.