Жеңілдетілген автонесие жобасы іске қосылатыны туралы ақпарат жалған

© Sputnik / Владислав ВодневЛьготное автокредитование
Льготное автокредитование - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2024
Жазылу
Бұл туралы "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ мәлімдеді
АЛМАТЫ, 25 шілде – Sputnik. Жеңілдетілген автонесие пилоттық жобасы іске қосылады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ мәлімдеді.
"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ әлеуметтік желілерде және интернетте жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының пилоттық жобасын іске қосу туралы ақпараттың жалған екенін айтты.

"Өтінімдерді қабылдау және сайтта кредит берудің жеңілдікті шарттарын алу мүмкіндігі туралы барлық хабарламажалған және шындыққа жанаспайды. Естеріңізге сала кетейік, өнеркәсіпті дамыту қоры жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жүзеге асырмайды", - деп хабарлайды ведомство.

Былтыр маусымда қор бағдарлама қаражатын жолаушылар автобустарын лизингтік қаржыландыруға қайта бөлу туралы жариялады.
"Хабарламаларды таратқан Әлібек Ахметов "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ қызметкері емес, телефон нөмірі мен веб-сайты да жалған. Біз барлық мүдделі тұлғаларды тек ресми ақпарат көздеріне – "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ ресми сайтына жүгінуге шақырамыз", - дейді қор.
Жаңалықтар
0