Үкіметте Қазақстан-Ресей сауда қатынастарын дамыту барысы талқыланды

© PhotoОлжас Бектенов обсудил с губернатором Тюменской области РФ вопросы приграничного и межрегионального сотрудничества
Олжас Бектенов обсудил с губернатором Тюменской области РФ вопросы приграничного и межрегионального сотрудничества   - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2024
Жазылу
Биылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстан өңірлері мен Түмен облысы арасындағы тауар айналымы 113,3 млн долларды құрады
АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Түмен облысының губернаторы Александр Моормен кездесу өткізді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Қазақстан-Ресей сауда қатынастарын дамыту аясындағы аймақаралық және шекара маңы ынтымақтастығы мәселелері талқыланды. Биылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстан өңірлері мен Түмен облысы арасындағы тауар айналымы 113,3 млн долларды құрады.
Кездесу барысында көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері, атап айтқанда, мемлекеттік шекара арқылы автомобиль жүк-жолаушылар көпжақты өткізу пунктін реконструкциялау жобасы қаралды.
Кешенді күрделі жөндеу шеңберінде өткізу пунктінің қолданыстағы шекараларында кіру жолақтарын кеңейту және жүк көлігі бағытында 2 жолақ, жеңіл көлік бағытында 4 жолақ салу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру бекеттің өткізу қабілетін жақсартуға және сауда-экономикалық байланыстарды арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа, жоғары білім, туризм және спорт салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды.
Жаңалықтар
0