Қостанай облысының бас имамы қамауға алынды – мүфтият мәлімдеме жасады

© Sputnik / Владислав ВодневПьяный водитель за рулем, иллюстративное фото
Пьяный водитель за рулем, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2024
Жазылу
Мүфтият еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім де сұрады
АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қостанай облысында бас имамның мас күйінде ұсталғанына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстың бас имамы Бахытбек Тәжімбет 23 шілде күні Бурабайда түнгі клубтың жанынан ұсталды. Діни қызметкер рөлге мас күйінде отырған. Сол үшін аудандық соттың үкімімен 15 тәулікке қамауға алынды. Осы оқиғадан кейін мүфтият оны қызметінен босатты.

"Діни басқарманың қызмет жүйесінде заң нормаларын және дін қызметкері этикасын өрескел бұзатын жеке тұлғалардың діни салада жұмыс істеуіне моральдық тұрғыдан құқығы жоқ. ҚМДБ дін қызметкеріне тән емес әрекеті үшін Бахытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты", - делінген ресми хабарламада.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім де сұрады.
Жаңалықтар
0