https://sputnik.kz/20240725/qazposhtanyn-zhumysynan-myndagan-kemshilik-anyqtaldy-45882739.html
Қазпоштаның жұмысынан мыңдаған кемшілік анықталды
Қазпоштаның жұмысынан мыңдаған кемшілік анықталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 25 шілде – Sputnik. Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті "Қазпошта" АҚ жұмысының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс... 25.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-25T21:34+0500
2024-07-25T21:34+0500
2024-07-25T21:34+0500
қазпошта
бас прокуратура
https://sputnik.kz/img/1362/06/13620601_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_3eb508311432825b28c11653d03621d1.jpg
АЛМАТЫ, 25 шілде – Sputnik. Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті "Қазпошта" АҚ жұмысының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс талаптарына қаншалықты сай екенін тексерді.Тексеру барысында жолданымдарды тіркемеудің 10 мыңнан астам фактісі, 2 мыңға жуық мемлекеттік құқықтық статистиканы бұрмалау, жолданымды уақтылы тіркемеудің 249 фактісі, өтінішті қарау мерзімін бұзудың 94 фактісі және өзге де кемшіліктер анықталды.Бұдан басқа, "Қазпошта" АҚ пайдаланатын электронды құжат айналымы жүйесін құжаттау, пайдалану тәртібін реттейтін құқықтық актілер Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс талаптарына сәйкес келмегені анықталды.Тексеру нәтижелері бойынша комитет және оның аумақтық органдары заң бұзылуын жою туралы 21 ұсыным енгізді, 20 әкімшілік іс қозғалды.Қадағалау актілерінің қаралу нәтижесінде 48 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке және 20-сы әкімшілік жауапқа тартылды.Сонымен қатар, құқық қорғау органдарына хабарланбаған бөтеннің мүлкін ұрлау, сондай-ақ алаяқтық фактілері анықталды, осылайша аталған қылмыстар есепке алынбай, олар бойынша процестік шешім қабылданбаған.Осы ретте комитеттің бастамасы бойынша "Қазпошта" АҚ филиалдары арқылы жіберілген сәлемдемелерді ұрлаудың 3 фактісі, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді төлеу үшін қабылданған ақшалай қаражатты ұрлау дерегі тіркелді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1362/06/13620601_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_bd4e252986aa80ddf684d4bbd0e1b750.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазпошта, бас прокуратура
қазпошта, бас прокуратура
АЛМАТЫ, 25 шілде – Sputnik. Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті "Қазпошта" АҚ жұмысының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс талаптарына қаншалықты сай екенін тексерді.
Тексеру барысында жолданымдарды тіркемеудің 10 мыңнан астам фактісі, 2 мыңға жуық мемлекеттік құқықтық статистиканы бұрмалау, жолданымды уақтылы тіркемеудің 249 фактісі, өтінішті қарау мерзімін бұзудың 94 фактісі және өзге де кемшіліктер анықталды.
Бұдан басқа, "Қазпошта" АҚ пайдаланатын электронды құжат айналымы жүйесін құжаттау, пайдалану тәртібін реттейтін құқықтық актілер Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс талаптарына сәйкес келмегені анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша комитет және оның аумақтық органдары заң бұзылуын жою туралы 21 ұсыным енгізді, 20 әкімшілік іс қозғалды.
Қадағалау актілерінің қаралу нәтижесінде 48 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке және 20-сы әкімшілік жауапқа тартылды.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдарына хабарланбаған бөтеннің мүлкін ұрлау, сондай-ақ алаяқтық фактілері анықталды, осылайша аталған қылмыстар есепке алынбай, олар бойынша процестік шешім қабылданбаған.
Осы ретте комитеттің бастамасы бойынша "Қазпошта" АҚ филиалдары арқылы жіберілген сәлемдемелерді ұрлаудың 3 фактісі, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді төлеу үшін қабылданған ақшалай қаражатты ұрлау дерегі тіркелді.