ЕАЭО Вьетнаммен автомобиль өнімдері нарығына қол жеткізу мәселелерін талқылады

© Sputnik / Владислав ВодневФлаги стран-участниц и наблюдателей ЕАЭС
Флаги стран-участниц и наблюдателей ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 25 шілде - Sputnik. 23-25 шілдеде Ханойда (Вьетнам) саудадағы техникалық тосқауылдар саласына байланысты нарықтарға қол жеткізу мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақ — Вьетнам тұрақты диалогының бірінші отырысы болып өтті.
"Тұрақты диалог — бұл Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам сарапшылары өзекті мәселелерді достық атмосферада талқылап, шешімін таба алатын алаң", — деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда саясаты департаменті сауданы реттеудің арнайы мәселелері бөлімі бастығының орынбасары Наталья Тараскина.
Келіссөздерге Ресей Өнеркәсіп және сауда министрлігінің, Беларусь Республикасы Елшілігінің, Ресей Федерациясының Вьетнамдағы сауда өкілдігінің өкілдері қатысты. Тұрақты диалогтың 1-інші отырысы ЕАЭО елдеріндегі өндірушілердің алаңдаушылығын тудыратын автомобиль өнеркәсібі өнімдері мен фармацевтикалық өнімдердің Вьетнам нарығына қол жеткізуі мәселелері бойынша әртүрлі ведомстволармен өткізілген екі сессиядан тұрды.
"Бірі-біріміздің реттеу жүйесін жақсырақ түсінуіміз — бұдан арғы ынтымақтастық бағыттарын айқындаудың сенімді жолы", — деп мәлімдеді Вьетнам Көлік министрлігі жанындағы уәкілетті сертификаттық орган бас директорының орынбасары Фам Минь Тхань.
Отырыс қорытындысымен нақты мәселелер бойынша Вьетнамның реттеу жүйелерін түсінуді едәуір арттыруға және ЕАЭО өнімдерінің Вьетнам нарығына жету жағдайларын жақсартудың бұдан арғы мүмкін болатын іс-қимылын айқындауға қол жеткізілді.
Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге 2015 жылғы 29 мамырда қол қойылды және 2016 жылғы 5 қазанда күшіне енді.
Жаңалықтар
0