Бектенов ферроқорытпа зауытында көз жұмған жұмысшылардың отбасына көңіл айтты

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание правительства
Заседание правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Олжас Бектенов Қарағанды ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдай салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтты.
"Қарағанды ферроқорытпа зауытындағы қайғылы оқиға салдарынан адамдардың қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Оқиғаның себептерін анықтау менің жеке бақылауымда. Қаза тапқандардың отбасына барлық қажетті қолдау көрсетіледі", — деді Олжас Бектенов.
Бүгінгі таңда Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай салдарынан болған апаттың себептерін тергеу жөніндегі арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.
Жаңалықтар
0