Атыраудағы кәсіпорында жұмысшы қайтыс болды

© Photo : Пресс-служба министерства труда и социальной защиты Казахстана Строительная каска, иллюстративное фото
Строительная каска, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 25 шілде - Sputnik. Атыраудағы кәсіпорында жұмысшы қайтыс болды. Бұл фактіні облыстық полиция растады.
Оқиға 24 шілдеде Атырау қаласында орналасқан кәсіпорында болған. Полицияның айтуынша, жұмысшыны көлік басып қалған.
"Атырау қаласындағы мекемелердің бірінің 27 жастағы жұмысшысы қайтыс болды. Қазіргі күні қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама жасалды", - ведомство.
Полиция өзге ақпаратты беруден бас тартты.
Айта кетейік, жұмыс кезіндегі қайғылы оқиға Қарағандыда да болды. Онда 8 адам зардап шегіп, екеуі қайтыс болды.
Жаңалықтар
0