https://sputnik.kz/20240724/ukimet-petropavlda-avtozhol-otpesin-saluga-29-mlrd-tenge-boldi-45842098.html
Үкімет Петропавлда автожол өтпесін салуға 2,9 млрд теңге бөлді
Үкімет Петропавлда автожол өтпесін салуға 2,9 млрд теңге бөлді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 шілде - Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектеновтің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында... 24.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-24T08:27+0500
2024-07-24T08:27+0500
2024-07-24T08:27+0500
солтүстік қазақстан облысы
жол
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1e/33436386_0:63:1280:783_1920x0_80_0_0_c09e7928615c514976efe52099815471.jpg
АСТАНА, 24 шілде - Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектеновтің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Петропавл қаласында апатты жол өтпесінің құрылысын аяқтауға 2,9 млрд теңге бөлу туралы үкімет қаулысы қабылданды. Аталған жобаның қала үшін маңызы зор, өйткені 1961 жылы салынған автожол өтпесі апатты жағдайда. Теміржол магистралі қаланы екі бөлікке бөледі, Караванная көшесіндегі автожол өтпесінен күн сайын 16 мыңға жуық автокөлік қатынайды, аудандар мен облыс орталығы арасындағы көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысын қамтамасыз етеді. Оның шағын өлшемі мен көлік ағынының жоғары қарқындылығына байланысты аталған автожол өтпесінде көлік қозғалысын шектемей жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін емес, бұл қала тұрғындары үшін қолайсыздық тудыруы мүмкін. Осыған байланысты, Универсальная көшесінің бойында бұрыннан бар жолмен қатарластыра жаңа жол өтпесін салу туралы шешім қабылданды. Жобаның жалпы құны 5,9 млрд теңгені құрайды, оның бір бөлігі жергілікті бюджеттен қаржыландырылған. Нысанның маңыздылығы туралы айта келе, Олжас Бектенов жол-көлік инфрақұрылымын дамыту Үкімет жұмысының басымдықтарының бірі екенін атап өтті.
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1e/33436386_76:0:1204:846_1920x0_80_0_0_207ff0ea40c666ce67477c2e9cd74a3a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы, жол, үкімет
солтүстік қазақстан облысы, жол, үкімет
Үкімет Петропавлда автожол өтпесін салуға 2,9 млрд теңге бөлді
АСТАНА, 24 шілде - Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектеновтің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Петропавл қаласында апатты жол өтпесінің құрылысын аяқтауға 2,9 млрд теңге бөлу туралы үкімет
қаулысы қабылданды. Аталған жобаның қала үшін маңызы зор, өйткені 1961 жылы салынған автожол өтпесі апатты жағдайда. Теміржол магистралі қаланы екі бөлікке бөледі, Караванная көшесіндегі автожол өтпесінен күн сайын 16 мыңға жуық автокөлік қатынайды, аудандар мен облыс орталығы арасындағы көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысын қамтамасыз етеді.
Оның шағын өлшемі мен көлік ағынының жоғары қарқындылығына байланысты аталған автожол өтпесінде көлік қозғалысын шектемей жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін емес, бұл қала тұрғындары үшін қолайсыздық тудыруы мүмкін.
Осыған байланысты, Универсальная көшесінің бойында бұрыннан бар жолмен қатарластыра жаңа жол өтпесін салу туралы шешім қабылданды. Жобаның жалпы құны 5,9 млрд теңгені құрайды, оның бір бөлігі жергілікті бюджеттен қаржыландырылған. Нысанның маңыздылығы туралы айта келе, Олжас Бектенов жол-көлік инфрақұрылымын дамыту Үкімет жұмысының басымдықтарының бірі екенін атап өтті.