Тоқаев пен Мирзиёев жоғары деңгейдегі байланыстардың алдағы кестесін пысықтады

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев и Шавкат Мирзиёев
Касым-Жомарт Токаев и Шавкат Мирзиёев - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2024
Жазылу
АЛМАТЫ. 24 шілде - Sputnik. Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық қатынастарын нығайтуға Шавкат Мирзиёевтің қосқан зор үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.
Президенттер екіжақты өзара ықпалдастықтың жоғары қарқынын атап өтіп, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты арттырудың перспективаларын талқылады.
Тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі байланыстардың алдағы кестесін пысықтады.
Жаңалықтар
0