https://sputnik.kz/20240724/shymkentte-anasyn-urgan-politsiya-podpolkovnigi-qyzmetinen-quyldy-45842451.html
Шымкентте анасын ұрған полиция подполковнигі қызметінен қуылды
Шымкентте анасын ұрған полиция подполковнигі қызметінен қуылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 шілде - Sputnik. Шымкенттік полицей өз анасына қол көтерген. Оқиға отбасылық жанжал кезінде болған. 24.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-24T09:13+0500
2024-07-24T09:13+0500
2024-07-24T09:13+0500
шымкент
полиция
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0b/19112695_0:11:3073:1740_1920x0_80_0_0_ec2719f69976d3ae37c3468aad3f922a.jpg
АСТАНА, 24 шілде - Sputnik. Шымкенттік полицей өз анасына қол көтерген. Оқиға отбасылық жанжал кезінде болған.Ашық сот кабинетіндегі мәліметке сүйенсек, оқиға биыл 27 сәуірде кешкі сағат 20.50 шамасында орын алған. Полиция подполковнигі анасына қол көтеріп, денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірген.Сот отырысында полицейдің анасы ұлы қол көтергенін растаған. Ал тәртіп сақшысы ашу үстінде анасын ұрғанын мойындап, кешірім сұраған.4 шілдедегі сот шешімімен полиция қызметкері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік жаза ретінде ескерту берілді. Сот шешімі шыққан соң полиция подполковнигі жұмыстан босатылды.Айта кетейік, тәртіп сақшысы қалалық Полиция департаментіне қарасты Жедел басқару орталығының инспекторы қызметін атқарған.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0b/19112695_342:0:3073:2048_1920x0_80_0_0_9a7b9ac2c53c2840680c5821469fd14d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, полиция
АСТАНА, 24 шілде - Sputnik. Шымкенттік полицей өз анасына қол көтерген. Оқиға отбасылық жанжал кезінде болған.
Ашық сот кабинетіндегі мәліметке сүйенсек, оқиға биыл 27 сәуірде кешкі сағат 20.50 шамасында орын алған. Полиция подполковнигі анасына қол көтеріп, денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірген.
Сот отырысында полицейдің анасы ұлы қол көтергенін растаған. Ал тәртіп сақшысы ашу үстінде анасын ұрғанын мойындап, кешірім сұраған.
4 шілдедегі сот шешімімен полиция қызметкері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік жаза ретінде ескерту берілді. Сот шешімі шыққан соң полиция подполковнигі жұмыстан босатылды.
"Аталған жайтқа қатысты іс-құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған. Сонымен қатар қызметтік тексеру жүргізіліп, оның нәтижесіне сәйкес полиция қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылды", - делінген полиция мәліметінде.
Айта кетейік, тәртіп сақшысы қалалық Полиция департаментіне қарасты Жедел басқару орталығының инспекторы қызметін атқарған.