https://sputnik.kz/20240724/qazaqstanda-balalarga-tolenbegen-alimenttin-zhalpy-somasy-19-mlrd-tengege-zhetti-45854144.html
Елімізде балаларға төленбеген алименттің жалпы сомасы 19 млрд теңгеге жетті
Елімізде балаларға төленбеген алименттің жалпы сомасы 19 млрд теңгеге жетті
Sputnik Қазақстан
7 борышкер бас бостандығын айрылған 24.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-24T17:36+0500
2024-07-24T17:36+0500
2024-07-24T17:36+0500
алимент
https://sputnik.kz/img/07e7/09/07/38266976_0:0:3168:1782_1920x0_80_0_0_43766e36828c9a2b6f1005f064e8df37.jpg
АЛМАТЫ, 24 шілде - Sputnik. Биыл жарты жылда 253 мың ата-ананың 367 мың бала алдындағы борышы 19 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды Бас прокуратура.Борышкерлер қарыздарын жұмыстың жоқтығынан деп түсіндіреді. Шын мәнінде олардың көпшілігі ресми түрде жұмыссыз және жұмысқа орналасу үшін шара қолданбайды.Алимент төлеуден жалтару фактілері бойынша (Қылмыстық кодекстің 139-бабы) 30 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, осыдан кейін 45 млн теңгеге берешек өтелді.7 борышкер бас бостандығын айрылған. Алимент төлеуден жалтарған 1,7 мың борышкер қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылды."Жыл басынан бері прокурорлық қадағалау шараларымен 15,5 мың баланың құқығы қорғалды, сот орындаушылары олардың пайдасына алимент бойынша 2,3 млрд теңгеден астам қарызды өндірді", - дейді бас прокуратура.
https://sputnik.kz/20240711/zhetisu-oblysynda-aliment-tolemegen-er-adam-turmege-tusti-45605626.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/07/38266976_182:0:2913:2048_1920x0_80_0_0_da34aa52e86a117eb57c83eaa9d91487.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алимент
Елімізде балаларға төленбеген алименттің жалпы сомасы 19 млрд теңгеге жетті
7 борышкер бас бостандығын айрылған
АЛМАТЫ, 24 шілде - Sputnik. Биыл жарты жылда 253 мың ата-ананың 367 мың бала алдындағы борышы 19 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Борышкерлер қарыздарын жұмыстың жоқтығынан деп түсіндіреді. Шын мәнінде олардың көпшілігі ресми түрде жұмыссыз және жұмысқа орналасу үшін шара қолданбайды.
"Борышкерлер балаларды күтіп-бағу жөніндегі міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында табыстарын жасырып, ақшаны электрондық әмияндарда сақтайды. Астана прокуратурасы электрондық әмияндарда 350 млн теңгеден астам сомаға өз ақшаларын жасырған 170 борышкерді анықтады", - дейді ведомство.
Алимент төлеуден жалтару фактілері бойынша (Қылмыстық кодекстің 139-бабы) 30 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, осыдан кейін 45 млн теңгеге берешек өтелді.
7 борышкер бас бостандығын айрылған. Алимент төлеуден жалтарған 1,7 мың борышкер қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
"Жыл басынан бері прокурорлық қадағалау шараларымен 15,5 мың баланың құқығы қорғалды, сот орындаушылары олардың пайдасына алимент бойынша 2,3 млрд теңгеден астам қарызды өндірді", - дейді бас прокуратура.