Пойызға жолаушыларды билетсіз мінгізген жолсеріктер жұмыстан шығарылды

© Photo : Пресс-служба АО "Пассажирские перевозки" Проводник проверяет документы и билеты у пассажира на станции
Проводник проверяет документы и билеты у пассажира на станции  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2024
Жазылу
Ішкі тексерулер елдің барлық вокзалында жүріп жатыр
АЛМАТЫ, 24 шілде - Sputnik. Алматы-2 вокзалында тексеріс жүргізілді, деп хабарлайды Қазақстан темір жолы.
ҚТЖ-да билетсіз жолаушыларды тасымалдау және жол жүру құжаттарын заңсыз сату фактілерін анықталып жатыр.
"Алматы-2 теміржол вокзалында билеттерді заңсыз қайта сатып, жасанды тапшылық жасау фактілері анықталды. Сондай-ақ Шымкент станциясындағы тексерулердің бірінде билетсіз жолаушыны тасымалдағаны белгілі болды. "Шымкент – Астана" пойызының жолсеріктері ресми сатып алмаған билетсіз адамды белгілі бір сомаға алып жүруге келіскен", - дейді ведомство.
Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша пойыз бастығы мен жолсерік жұмыстан шығарылды, ал екінші жолсерік пен Шымкент станциясы учаскесі бастығының орынбасарына қатаң сөгіс берілді.
Ішкі тексерулер елдің барлық вокзалында жүріп жатыр.
Железнодорожный вокзал в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2024
"Қолдан жасалған билет тапшылығы": Алматы вокзалының бастығы жұмысынан уақытша шеттетілді
Жаңалықтар
0