https://sputnik.kz/20240724/para-algan-petropavl-zauytynyn-buryngy-direktoryna-qatysty-ukim-shygaryldy---45842562.html
Пара алған Петропавл зауытының бұрынғы директорына қатысты үкім шығарылды
Пара алған Петропавл зауытының бұрынғы директорына қатысты үкім шығарылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 шілде - Sputnik. Петропавл зауытының бұрынғы директорына қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі. 24.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-24T09:44+0500
2024-07-24T09:44+0500
2024-07-24T09:44+0500
петропавл
зауыт
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38664144_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_3a67c3c8c998434996b244e52a97b084.jpg
АСТАНА, 24 шілде - Sputnik. Петропавл зауытының бұрынғы директорына қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.Петропавл ауыр машина жасау зауытының бас және атқарушы директорларына қатысты, сондай-ақ мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде қозғалтқыштар мен гироблоктарды жеткізуді жүзеге асырған кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс тергелді.2022 жылы зауыт Қорғаныс министрлігінен әскери техниканы жөндеуге тапсырыс алғаны анықталды, оны орындау кезінде жеке кәсіпкермен жалпы сомасы 283,3 млн теңгеге қосалқы бөлшектер жеткізуге шарт жасалды.Орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және шартты орындау кезінде жалпы қамқорлығы үшін бас директор атқарушы директор арқылы кәсіпкерден 100 мың АҚШ доллары (45 млн теңге) сомасында пара алды. Сот шешімімен зауыттың бұрынғы бас директоры аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін 11 жылға, атқарушы директор - төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, мемлекет кірісіне 40 млн теңгеге пара сомасына сатып алынған пәтер тәркіленді. Қалған 5 млн теңге сотталғандардан тең үлестермен өндірілді.
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38664144_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_bd2b7772b12ae25a2e51a6cbcb9eceda.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл, зауыт, сыбайлас жемқорлық
петропавл, зауыт, сыбайлас жемқорлық
Пара алған Петропавл зауытының бұрынғы директорына қатысты үкім шығарылды
АСТАНА, 24 шілде - Sputnik. Петропавл зауытының бұрынғы директорына қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Петропавл ауыр машина жасау зауытының бас және атқарушы директорларына қатысты, сондай-ақ мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде қозғалтқыштар мен гироблоктарды жеткізуді жүзеге асырған кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс тергелді.
2022 жылы зауыт Қорғаныс министрлігінен әскери техниканы жөндеуге тапсырыс алғаны анықталды, оны орындау кезінде жеке кәсіпкермен жалпы сомасы 283,3 млн теңгеге қосалқы бөлшектер жеткізуге шарт жасалды.
Орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және шартты орындау кезінде жалпы қамқорлығы үшін бас директор атқарушы директор арқылы кәсіпкерден 100 мың АҚШ доллары (45 млн теңге) сомасында пара алды.
Сот шешімімен зауыттың бұрынғы бас директоры аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін 11 жылға, атқарушы директор - төрт жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, мемлекет кірісіне 40 млн теңгеге пара сомасына сатып алынған пәтер тәркіленді. Қалған 5 млн теңге сотталғандардан тең үлестермен өндірілді.