https://sputnik.kz/20240724/olimpiada-qazaqstandyq-sportshylar-erten-zharys-zholyna-shygady--45845364.html
Олимпиада: қазақстандық спортшылар ертең жарыс жолына шығады
Олимпиада: қазақстандық спортшылар ертең жарыс жолына шығады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Ертең, 25 шілдеде қазақстандық спортшылар Париж Олимпиадасында алғашқы жарыстарға шығады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 24.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-24T12:35+0500
2024-07-24T12:35+0500
2024-07-24T12:46+0500
олимпиада-2024
https://sputnik.kz/img/07e8/07/11/45725654_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_adee21dbaa17d69f595ffc0c4d3882ec.jpg
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Ертең, 25 шілдеде қазақстандық спортшылар Париж Олимпиадасында алғашқы жарыстарға шығады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қазақстанның садақпен атудан ерлер құрамасы бірінші болып жарыс жолына шығады. Ертең жеке сайыстар басталады. Ильфат Абдулин, Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Еременкоға рейтингтік раундтан өту керек. Соның нәтижесінде олимпиадалық турнирдің кестесі жасалады. Ал плей-офф жарыстар 30 шілде күні 1/32 финалынан басталады.Қазақстандық мергендер ертең Астана уақыты бойынша 17:15-те жарыс жолына шығады. Айта кетері, Париж Олимпидасының ресми ашылу салтанаты 26 шілдеде өтеді. Жарыстар 11 тамызға дейін жалғасады.Дзюдошылар командасының көшбасшылары - Абиба Абужақынова (48 келі) мен Елдос Сметов (60 келі) те татамиге бірінші болып шығады. Олардың жекпе-жектері 27 шілдеде өтеді. Сол күні гимнастар Нариман Құрбанов пен Милад Карими де өнер көрсетеді.Sputnik Қазақстан қазақстандық спортшылар қай спорт түрінен медаль әкелетінін болжап көрген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/11/45725654_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_09674893d57116fb1d57379204e6f9bb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олимпиада-2024
Олимпиада: қазақстандық спортшылар ертең жарыс жолына шығады
12:35 24.07.2024 (жаңартылды: 12:46 24.07.2024) АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Ертең, 25 шілдеде қазақстандық спортшылар Париж Олимпиадасында алғашқы жарыстарға шығады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қазақстанның садақпен атудан ерлер құрамасы бірінші болып жарыс жолына шығады. Ертең жеке сайыстар басталады. Ильфат Абдулин, Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Еременкоға рейтингтік раундтан өту керек. Соның нәтижесінде олимпиадалық турнирдің кестесі жасалады. Ал плей-офф жарыстар 30 шілде күні 1/32 финалынан басталады.
Қазақстандық мергендер ертең Астана уақыты бойынша 17:15-те жарыс жолына шығады. Айта кетері, Париж Олимпидасының ресми ашылу салтанаты 26 шілдеде өтеді. Жарыстар 11 тамызға дейін жалғасады.
Дзюдошылар командасының көшбасшылары - Абиба Абужақынова (48 келі) мен Елдос Сметов (60 келі) те татамиге бірінші болып шығады. Олардың жекпе-жектері 27 шілдеде өтеді. Сол күні гимнастар Нариман Құрбанов пен Милад Карими де өнер көрсетеді.
Sputnik Қазақстан қазақстандық спортшылар қай спорт түрінен медаль әкелетінін
болжап көрген.