Министрлік көрсетілмеген медициналық қызметке қарсы жаңа шара қолданады

© Sputnik / Абзал КалиевПриложение Damumed
Приложение Damumed - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 24 шілде - Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі пациентке қызмет көрсетілмеген медициналық шараны жүйеге тіркеуге қарсы жаңа шаралар әзірлеп жатыр, деп хабарлайды ведомство.
Соңғы уақытта көптеген пациенттер өздерінің мобилдік қосымшаларында медициналық қызметтер туралы жазбаларды байқаған, олардың айтуынша бұл қызметтер көрсетілмеген. Қолданыстағы бақылау мен мониторинг жүйелеріне қарамастан мұндай келеңсіздіктер жойылмай тұр, дейді ведомство.
Осы орайда министрлік жаңа бір шара ойлап тапты:
Пациенттің мобилдік қосымшасы арқылы медициналық көмекке баруды және қабылдауды растау.
FaceID технологиясын қолдана отырып пациентті анықтау.
QR-кодын немесе пациенттің бірегей цифрлық құжат кодын сканерлеу.
Жұмыс тобы бақылауды күшейту үшін қосымша шараларды енгізуді де қарастырады. Жақын арада олардың тиімділігін және елдің медициналық мекемелерінде практикалық қолдану мүмкіндігін анықтау үшін бақылау жүргізіледі.
Бұл шараларды енгізу пациенттерді жалған қосып жазудың санын едәуір азайтады, дейді министрлік.
Жаңалықтар
0