ЕАЭО мен Индонезия еркін сауда келісімі бойынша келіссөздердің бесінші раундын өткізді

© Sputnik/Ертай СарбасовФлаги ЕАЭС
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2024
Жазылу
Индонезиямен келіссөздерді бастау туралы шешімді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес 2022 жылдың мамырында қабылдады
АСТАНА, 24 шілде - Sputnik . 22-24 шілде аралығында Бату қаласында (Индонезия) Еуразиялық экономикалық одақ пен Индонезия арасындаркін сауда келісімін жасау бойынша келіссөздердің бесінші раунды өтті, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі.
"Раунд қорытындысы бойынша алдағы келісімнің мәтінін келісу бойынша айтарлықтай прогреске қол жеткізілді. Келіссөздер процесін түбегейлі аяқтау үшін қажетті келесі қадамдар белгіленді", - деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда саясаты департаменті бөлім бастығының орынбасары Кира Данильчева.
Индонезиямен келіссөздерді бастау туралы шешімді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес 2022 жылдың мамырында қабылдады. Келіссөздердің бірінші, екінші, үшінші және төртінші раундтары сәйкесінше 2023 жылдың сәуір, шілде, желтоқсан және 2024 жылдың наурыз айларында өтті.
Жаңалықтар
0