https://sputnik.kz/20240724/batys-qazaqstanda-zhylu-magistraldaryn-zhondeuge-49-milliard-tenge-bolindi-45853753.html
Батыс Қазақстанда жылу магистральдарын жөндеуге 4,9 млрд теңге бөлінді
Батыс Қазақстанда жылу магистральдарын жөндеуге 4,9 млрд теңге бөлінді
Sputnik Қазақстан
Қаражат үкімет резервінен бөлінді 24.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-24T17:13+0500
2024-07-24T17:13+0500
2024-07-24T17:20+0500
үкімет
https://sputnik.kz/img/592/85/5928585_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_6457326459facf9660a720b589f8a06a.jpg
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Үкімет Батыс Қазақстан облысындағы жылу магистральдарын реконструкциялауға 4,9 млрд теңгеге жуық қаражат бөлдіАлдағы жылу беру маусымының үзіліссіз өтуін қамтамасыз ету үшін үкіметрезервінен Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне шамамен 4,9 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.Қаражат Орал қаласындағы екі жылу магистралін реконструкциялауға бөлінеді. Олар тәуекелдің "қызыл аймағындағы" 19 жылу көзінің тізбесіне кіреді.Премьер-министр Олжас Бектенов биылғы ақпан айында өңірге жұмыс сапары барысында әкімдікке көп кідірмей реконструкциялауды талап ететін жылумен қамту нысандары бойынша құжаттама дайындауды тапсырған болатын. ТМ-5 және ТМ-2 жылу магистральдары бойынша жобалар дайындалды.Орал қаласындағы ұзындығы 1,6 шақырым болатын ТМ-5 жылу магистралі 1987 жылы пайдалануға берілген, оның тозуы 80%-ды құрайды. Жөндеу жұмыстарына 574 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді.Екінші жоба 4 шақырым ТМ-2 жылу магистралін реконструкциялауды қамтиды, оның тозу деңгейі – 75%. Жобаны 4,3 млрд теңге көлемінде қаржыландыру көзделген. Екі учаскеде де күрделі жөндеу бұрын соңды жүргізілмеген.Бөлінген қаражат 106 көпқабатты үй мен 20-ға жуық әлеуметтік нысанды, яғни 24 мың абонентті, балабақшалар, мектептер, колледждер, ауруханалар мен емханаларды үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/592/85/5928585_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_ac623b3feabd224bb1a62cabcf8b7f63.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет
Батыс Қазақстанда жылу магистральдарын жөндеуге 4,9 млрд теңге бөлінді
17:13 24.07.2024 (жаңартылды: 17:20 24.07.2024) Қаражат үкімет резервінен бөлінді
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Үкімет Батыс Қазақстан облысындағы жылу магистральдарын реконструкциялауға 4,9 млрд теңгеге жуық қаражат бөлді
Алдағы жылу беру маусымының үзіліссіз өтуін қамтамасыз ету үшін үкіметрезервінен Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне шамамен 4,9 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Қаражат Орал қаласындағы екі жылу магистралін реконструкциялауға бөлінеді. Олар тәуекелдің "қызыл аймағындағы" 19 жылу көзінің тізбесіне кіреді.
Премьер-министр Олжас Бектенов биылғы ақпан айында өңірге жұмыс сапары барысында әкімдікке көп кідірмей реконструкциялауды талап ететін жылумен қамту нысандары бойынша құжаттама дайындауды тапсырған болатын. ТМ-5 және ТМ-2 жылу магистральдары бойынша жобалар дайындалды.
Орал қаласындағы ұзындығы 1,6 шақырым болатын ТМ-5 жылу магистралі 1987 жылы пайдалануға берілген, оның тозуы 80%-ды құрайды. Жөндеу жұмыстарына 574 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді.
Екінші жоба 4 шақырым ТМ-2 жылу магистралін реконструкциялауды қамтиды, оның тозу деңгейі – 75%. Жобаны 4,3 млрд теңге көлемінде қаржыландыру көзделген. Екі учаскеде де күрделі жөндеу бұрын соңды жүргізілмеген.
Бөлінген қаражат 106 көпқабатты үй мен 20-ға жуық әлеуметтік нысанды, яғни 24 мың абонентті, балабақшалар, мектептер, колледждер, ауруханалар мен емханаларды үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.