Алматы облысының әкімдігі 15 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алу заңын бұзған

© Sputnik / Владислав ВодневСудебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева
Судебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 24 шілде - Sputnik. Алматы облысының әкімдігі кәсіпкер құқығына нұқсан келтірген, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
"Алматы облысының әкімдігі 15 млрд теңгеге жолды күрделі жөндеу бойынша конкурста жеңімпаздың болуына қарамастан, сатып алудан заңсыз бас тартып, жаңа жеңімпазды анықтау үшін конкурс жариялады, бұл кәсіпкердің құқықтарына нұқсан келтірді", - деп хабарлайды ведомство.
Қадағалау актісімен конкурс тоқтатылды және әкімдікке конкурс жеңімпазымен шарт жасасу ұсынылды. Мұндай шешімді сот қабылдады.
"Алайда әкімдік сот шешімі мен прокуратураның қадағалау шараларына қарсы конкурс жариялады. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны және прокурордың ұсынуы бойынша шаралар қолданбағаны үшін облыс әкімдігінің екі басқарма басшысы ҚР ӘҚБтК-нің 173 және 664-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді облыстық прокуратура.
Жаңалықтар
0