https://sputnik.kz/20240723/ukimet-tasqynnan-zardap-shekken-bilim-beru-mekemelerin-qalpyna-keltiruge-7-mlrd-tenge-boldi-45837211.html
Үкімет тасқыннан зардап шеккен білім беру мекемелерін қалпына келтіруге 7 млрд теңге бөлді
Үкімет тасқыннан зардап шеккен білім беру мекемелерін қалпына келтіруге 7 млрд теңге бөлді
Sputnik Қазақстан
Қалпына келтіру жұмысы еліміздің үш өңірінде Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында жүргізіледі 23.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-23T17:03+0500
2024-07-23T17:03+0500
2024-07-23T17:04+0500
үкімет
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e8/04/10/43695749_13:0:1268:706_1920x0_80_0_0_6f7fd098287416cbbbd81fe00ec187a0.jpg
АСТАНА, 23 шілде– Sputnik. Үкіметкөктемгі су тасқынынан зардап шеккен білім беру мекемелері мен ұйымдарын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда. Осы мақсатта үкіметтіңтөтенше резервінен қосымша қаражат бөлінді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.Үкіметтің мәліметінше, қалпына келтіру жұмысы еліміздің үш өңірін – Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарын қамтиды. Бөлінген қаражаттың жалпы сомасы – 7,5 млрд теңге. Бұл қаражат бүлінген нысандарды қалпына келтіруге, сондай-ақ қираған нысандардың орнына жаңа білім беру мекемелерін салуға жұмсалады.Қостанайоблысында Жангелдин ауданындағы Айса Нұрманов атындағы мектеп ғимаратын жөндеу жоспарланған. Ақмола облысында Атбасар қаласында №1 мектеп, Атбасар ауданы Сергеевка ауылында "Есіл" сауықтыру кешені, сондай-ақ Державинск қаласында Абай атындағы мектеп салынады. Ақтөбе облысында Көтібар батыр атындағы мектеп және Мұғалжар ауданындағы "Балауса" балабақшасы, Ойыл ауданындағы "Балбөбек" мектеп-бақшасы мен балабақшасы, Екпетал мектебі қамтылады.Бөлінгенқаражат жергілікті атқарушы органдарға бүлінген ғимараттарды алдағы оқу жылы басталғанға дейін уақытылы қалпына келтіруге мүмкіндік береді.Биылғы 17 шілдеде үкіметте су тасқынынан кейін тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру мәселелері жөнінде өткен кеңес барысында Бектенов қалпына келтіру жұмыстарының қарқынын жеделдетуді және орталықты туындап жатқан мәселелер туралы үнемі хабардар етіп отыруды тапсырды.
https://sputnik.kz/20240717/akimder-tasqynnan-keyin-salynyp-zhatqan-uylerdin-sapasyna-zheke-zhauap-beredi--bektenov-45716636.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/10/43695749_170:0:1111:706_1920x0_80_0_0_0e903e07e42f78e3830b6c4d090c2a4b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, су тасқыны
Үкімет тасқыннан зардап шеккен білім беру мекемелерін қалпына келтіруге 7 млрд теңге бөлді
17:03 23.07.2024 (жаңартылды: 17:04 23.07.2024) Қалпына келтіру жұмысы еліміздің үш өңірінде Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында жүргізіледі
АСТАНА, 23 шілде– Sputnik. Үкіметкөктемгі су тасқынынан зардап шеккен білім беру мекемелері мен ұйымдарын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда. Осы мақсатта үкіметтіңтөтенше резервінен қосымша қаражат бөлінді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Үкіметтің мәліметінше, қалпына келтіру жұмысы еліміздің үш өңірін – Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарын қамтиды. Бөлінген қаражаттың жалпы сомасы – 7,5 млрд теңге. Бұл қаражат бүлінген нысандарды қалпына келтіруге, сондай-ақ қираған нысандардың орнына жаңа білім беру мекемелерін салуға жұмсалады.
Қостанайоблысында Жангелдин ауданындағы Айса Нұрманов атындағы мектеп ғимаратын жөндеу жоспарланған. Ақмола облысында Атбасар қаласында №1 мектеп, Атбасар ауданы Сергеевка ауылында "Есіл" сауықтыру кешені, сондай-ақ Державинск қаласында Абай атындағы мектеп салынады. Ақтөбе облысында Көтібар батыр атындағы мектеп және Мұғалжар ауданындағы "Балауса" балабақшасы, Ойыл ауданындағы "Балбөбек" мектеп-бақшасы мен балабақшасы, Екпетал мектебі қамтылады.
Бөлінгенқаражат жергілікті атқарушы органдарға бүлінген ғимараттарды алдағы оқу жылы басталғанға дейін уақытылы қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Биылғы 17 шілдеде үкіметте су тасқынынан кейін тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру мәселелері жөнінде өткен кеңес барысында Бектенов қалпына келтіру жұмыстарының қарқынын жеделдетуді және орталықты туындап жатқан мәселелер туралы үнемі хабардар етіп отыруды тапсырды.