Үкімет басшысы өңір әкімдіктеріне бірқатар тапсырма берді

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание правительства Казахстана
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 шілде - Sputnik. Олжас Бектенов әкімдіктерге жеңілдікті қаржыландырудың 100%-ға жеткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды
Биыл үкімет агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру арналарын едәуір кеңейтті. Қаржы институттарын тікелей субсидиялау және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің несиелеріне кепілдік беру енгізілді. Әкімдіктерге Өңір әкімдіктері жеңілдікті қаржыландырудың, оның ішінде Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы дихандарға дейін 100% жеткізілуін қамтамасыз ету тапсырылды.

"Болашақ егіннің түсімі дер кезінде қабылданған шегірткемен күрес шараларына тікелей байланысты болмақ. Ол үшін республикалық бюджеттен 4,2 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ үкімет резервінен қосымша 3,9 млрд теңге бағытталды. Зиянкестерге қарсы химиялық өңдеуге 400-ден астам арнайы техника тартылды. Бүгінгі таңда өңірлердің көпшілігінде бұл жұмыстар сәтті аяқталды. Ауқымды жұмыс атқарылды. Шегірткенің таралуына жол берілген жоқ", — деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдіктеріне бірқатар тапсырма берді:
Жол картасының индикаторларына қол жеткізу бойынша түбегейлі шаралар қабылдансын. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің көрсеткіштері Жол картасын іске асыру сапасына байланысты болады.
Минералды тыңайтқыштарды қолдану деңгейін жыл сайын 1,5 млн тоннаға дейін жеткізу керек.
Егін орағы басталғанға дейін астық қабылдау кәсіпорындарының жаңа өнімді қабылдауға толық дайындығын қамтамасыз етсін. Егін жинау кезеңінде астық қабылдау кәсіпорындары үздіксіз жұмыс істеуге тиіс.
Салаға инвестициялар тарту жөнінде шаралар қабылдануы тиіс. Басымдық берілген инвестициялық жобалардың іске асырылуына сапалы мониторинг пен бақылау қамтамасыз етілсін.
Жаңалықтар
0