Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттай ма

© REUTERS / Yves HermanЛекарства, таблетки
Лекарства, таблетки  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2024
Жазылу
Қазіргі кезде әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектерге шекті баға бекітілген
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәрі-дәрмектің бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектерге шекті баға бекітілген. Алайда министрлік барлық дәріхананы бақылай алмайды. Оны министрдің өзі демойындап отыр.
"Жылдың соңына дейін дәрі-дәрмектің бағасы көтеріледі деп айта алмаймыз. Бірақ барлығы экономикалық жағдайға да байланысты болады. Себебі бөлшек сауда – бұл бәсекелес орта. Біз оны толығымен реттеп отыра алмаймыз", - деді Әлназарова үкіметте өткен брифингте.
Осы орайда министр арнайы тізімнің бар екенін де еске салды. Оған кіретін дәрі-дәрмектің шекті бағасы бекітіледі. Одан артық сатуға болмайды.
"77 бұйрық бар, оған шамамен 1,5 мың дәрі-дәрмек кіреді. Үш жылдай оны бекіткен жоқ. Өткен аптада бір бұйрықтың бір бөлігін бекіттік. Оған сәйкес жалпы тізімнің 80 проценті қамтылып отыр. Бұл тізім алдымен отандық өндірушілерге керек. Олар өз өнімін тізімде көрсетілген бағамен сата алады", - деп атап көрсетті Әлназарова.
Бірақ мемлекет тарапынан дәрі-дәрмектің бағасын реттеуді тоқтату жұмысы да басталған болатын. Бүгінде арнайы жол картасы да бар. Былтыр 302 дәрі-дәрмектің бағасын реттеу шаралары тоқтатылды.
"Биыл осы жұмысты жалғастыруды ойлаған едік. Бірақ белгілі бір себептерге байланысты оны уақытша тоқтаттық. Келесі жылы 1 қаңтардан бастап қайта бастаймыз", - дейді денсаулық министрі.
Лекарства, таблетки, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2024
Тоқаев дәрі-дәрмекке бөлінетін қаражаттың ашықтығын қамтамасыз етуді тапсырды
Жаңалықтар
0